Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л. Илебаев Департамент құзыреті шегіндегі сұрақтармен азаматтарды жеке қабылдады. Іс-шара Полатқосшы және Бесағаш ауылдық округтері әкімі аппаратында өтті.Жеке қабылдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, дипломмен ауылға жобасы, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке түсу мен өткеру, тестілеуден өту тәртібі туралы сұрақтармен жүгінген азаматтарға Департамент басшысы толыққанды жауап берді.