Жамбыл ауданында 15366 жасөспірім екпе ектіртті

Жамбыл ауданында 15366 жасөспірім екпе ектіртті

Әлем елдеріне жайлаған коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл болудың жолы – вакцина қабылау. Бұл – әлемдік сарапшылардың тұжырымы Бүгінде өңірде өкпеден қысқан індетке қарсы екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы – тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.

 

Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 21540 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 7874 дозасы, екінші компонентінің  7492 дозасы егілген. 

Ал бала емізетін аналардың 1206-сы бірінші компонентті, 1019 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің  441-і бірінші компонентті, 370-і екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан  313 ана өткен.

Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 743-і  «Pfizer» вакцинасын ектірген.

Екпе ектіру жұмыстары Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округіндегі емдеу орталықтарында жүзеге асырылуда.

Ал, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында "Pfizer" екпесінен бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда.

Айталық, бірінші компонентті 39479 азамат ектірсе, екінші компонентті 38063 азамат қабылдаған. Ал ревакцинациядан 22504 азамат өткен.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 358
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6464
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8172
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6543
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6679