Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Нұрбек Әбубекұлы Оршыбеков білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұрбек Әбубекұлы 1979 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

2003-2004 жылдары бірқатар коммерциялық ұйымда еңбек етті.

2004-2011 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы қызметінен бастап, бөлім басшысы, департамент директоры, кафедра доценті қызметтерін атқарған.

ҚР БҒМ құрылымында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.

Алматы және Астана қаласы бойынша білім беру саласындағы Бақылау департаментінің директоры, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды.

2017 жылдан бастап бүгінге дейін ҚР Оқу-ағарту министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетін басқарған.

Жамбыл облысы әкімдігі
17.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 300
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 297
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 310
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 432

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13376
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13350
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28467
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27149
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30652