Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында 6 салалық комитет құрылды

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында 6 салалық комитет құрылды

Орта және шағын бизнес мүдделеріне назар аудару мақсатында салалық комитеттер құру туралы шешім «Атамекен» ҚР ҰКП X съезінде қабылданды. Осы жұмыс шеңберінде барлық өңірлерде, соның ішінде Жамбыл облысында экономиканың негізгі салалары бойынша салалық комитеттер құрылды. Олар, Агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Энергетика және ТКШ құрылыс комитеті, туризм, сауда және қызметтер комитеті, Көлік және логистика комитеті және әлеуметтік мәселелер комитеті. «Комитеттерді құру кезінде өңірлердің ерекшелігі ескеріледі. Индустриалды-аграрлық аймақ-Жамбыл облысы — бірегей өнеркәсіптік, аграрлық, логистикалық және туристік әлеуетке ие. Құрылған комитеттердің жұмысы жүйелі мәселелерді жедел шешуге, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады», – деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев.  Салалық комитеттердің міндеттеріне жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, өңіраралық және ведомствоаралық үйлестіру, салалық сараптаманы шоғырландыру, бизнес құқықтарын қорғау және кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру кіреді.

Өнеркәсіп комитеті

Комитеттің төрағасы жеке кәсіпкер Латиф АйдаровКүн тәртібінде облыс өндірушілерінің «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруға қатысуы, «Таразкожобувь» ЖШС мысалында ірі зәкірлікәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру мәселелері талқыланды, отандық өндірушілер үшін сәйкестік сертификаттарын алу бойынша түсініктеме берілді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылыс комитеті

Комитет төрағасы болып «Агроспецстрой» ЖШС директоры Марат Рахимбердиев тағайындалды.Комитет отырысында жанар-жағармай материалдары мен сұйытылған газ бойынша ағымдағы жағдай талқыланды.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комитет

Халықаралық Тараз институтының президенті Ерболат Саурықов әлеуметтік саладағы комитеттің төрағасы болып табылады. Комитет отырысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кіру және әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілу қағидалары, «Ерікті негізде кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу қағидалары» жобасы талқыланды, сондай-ақ жұмыс орындарын мемлекеттік субсидиялау қағидалары және халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын басқа да мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.

Көлік және логистика комитеті

Көлік және логистика комитетінің төрағасы болып «ӘулиеатАтаТрансПасс» ЖШС директоры Рашид Пірманов сайланды. Бірінші отырыстың күн тәртібінде Жамбыл облысы, Меркі кентіндегі автомобиль көлігін өткізу және өлшеу пункттеріндегі электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі туралы айтылды.

Агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі комитеті

«Әулие Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісова агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы болып табылады. Отырыстың күн тәртібінде мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау мәселелері талқыланды, тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларының жаңа жобасы түсіндірілді. Пиязды экспорттауға тыйым салу бөлек талқыланды.

Ақ жол газеті
21.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 143
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 254
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 468
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 429

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9129
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11753
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9521
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733