Жамбылда тұрғын үй құрылысы қарқынды

Жамбылда тұрғын үй құрылысы қарқынды

    Жамбыл облысы бойынша 4 қалада жалпы 1 774  көпқабатты тұрғын үй бар, оның 527-сі (29,7%) қанағаттанарлық жағдайда , 561 үй (38,6%), жөндеуден өткен болса, 686 үй (38,6%),  жөндеуді қажет етеді . Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Дамир Тұңғатов журналистермен өткен баспасөз конференциясында айтты.  

Ағымдағы жылы қайтарым қаражат есебінен Тараз қаласында 220,3 млн. теңгеге 4 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді. 2024 жылы Тараз, Жаңатас, Шу қалалары мен Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы бойынша барлығы 79 тұрғын үйді күрделі жөндеу үшін 5,9 млрд. теңгеге республикалық бюджетке өтінім ұсынылды.

Ал, үй алу кезегіне келер болсақ, бүгінгі күні облыста түрлі әлеуметтік топтағы 37 587 адам баспана алу кезегінде тұр.

 

«Биыл 10 ай ішінде 139 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 55 әлеуметтік осал топтағы азаматтар, 23 жетім балалар, 52 көпбалалы отбасылар, 9 бюджеттік мекеме қызметкерлері. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 31 отбасы ағымдағы жылы 295 млн. теңгеге несие рәсімдеп, баспаналы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы әлеуметтік аз қамтылған топтардың жалға алған тұрғын үйі үшін төлем тағайындауға республикалық бюджеттен 2,458 млрд. теңге және  облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлініп, оператор «Отбасы банк» АҚ есепшотына аударылды», - деді сала басшысының міндетін уақытша атқарушы.

 

Биылғы жылы баспана алуға 1073 өтініш келіп түскен, оның 282-сі мақұлданып, бүгінге 199 тұлғамен келісім-шарт жасалды. Қалған 38 өтініш білдіруші өз еркімен бас тартқан, 545 өтініш мақұлданбаған, 208 өтініш қарастырылу үстінде.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, қазіргі таңда елді мекенге бірыңғай келбет беру үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жергілікті бюджет есебінен қайтарымсыз қаражат бөлуге мүмкіндік берілді.

Бұл бағытта ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 169,0 млн. теңге бөлініп, Шу қаласындағы 9 үйдің шатыры мен қасбеті жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 22,9 млн. теңгеге Шу қаласындағы ұзындығы 1,8 шақырым құрайтын 5 көшенің лоток жүйесі ауыстырылды.

«Жалпы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан міндеттелген жұмыстар тиісті деңгейде атқарылып келеді. Салаға қатысты барлық жобалардың іске асырылуы тұрақты бақылауда»,-  деп түйіндеді Дамир Сейсенбекұлы.

 

 



 

Жамбыл облысы
29.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 23
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 41
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 14
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 19
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 24
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 21
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 41
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 255
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 252
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 874

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8947
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8341
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11567
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9325
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10551