30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағыең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік орган басшылары және басқалары бар.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.
Жамбыл облысының барлық аудан орталықтарында және Тараз қаласында акция бірыңғай уақытта сағат 17.00-де өтеді.
Тараз қаласында акция Төле би даңғылы 27 «MART» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.
Ал аудандарда өтетін мекен-жайлар бойынша толық ақпарат https://prg.kz/lp/kk/narod-jur-2024/ сайтынан алуға болады.