Жамбылдық полицейлермен жерге көмілген қару-жарақ табылды

Жамбылдық полицейлермен жерге көмілген қару-жарақ табылды

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылды. 

- «Белгісіз адамдар 8 бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды» - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Табылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпаратты полицияға жеткізу туралы хабарламадан соң, «102» арнасына тұрғындардан қоңыраулар келіп түсуде.

20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 183
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 291

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29026
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28571
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45856
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41487
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46163