«Жаңа Қазақстан» — халықтың намысын, құқын қорғау

     «Жаңа Қазақстан» — халықтың намысын, құқын қорғау

әжіліс конституциялық заңдарға түзету енгізіп, Н.Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығын тоқтатты. Осы туралы пікір білдірген Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл: «Біріншіден, ҚХА-ны басқару қазіргі, өзіміздің заңды президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жүктеледі. Оған қазір толығымен беріліп отыр. Сосын Қауіпсіздік кеңесін де берген дұрыс. Қазір партияны іс жүзінде президент басқарып отыр, бірақ оны да заң жүзінде заңдастыру керек. Ол үшін партияның съезі өтуі керек. Кешігіп жатыр ма, әлде дайын болмай жатқан болар, кім білсін. Меніңше, Конституция арқылы біраз заңнамаға өзгеріс енгізу керек деп ойлаймын. Онда енді «өмір бойы» деген болмайды. Ол қазіргі президентке де өмір бойына беріліп отырған жоқ. Не нәрсе болса да, бәрі кезең-кезеңімен. Бірақ, бұл бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселе ғой. Халықтың талабы бар дегендей. Енді көптеген өзгеріс, жаңалық болуы керек. Жаңаша, басқаша қадам жасау қажет. Ел-жұртқа алаңдап жатқан мән-жай бар. Болып жатқан оқиғаларға, мәселелерді сараптау керек. Ес жиып алып, заңды түрде партияның съезін жасап, заңдастырады деп ойлаймын.   Президенттен бастап елдің бәрі «Жаңа Қазақстан құрамыз» деп жатыр. Бұл жай ғана айта салған сөз емес, шынайы өмір шындығы. Қазақстан – қарапайым халықтан тұрады. Оның әлеуметтік, экономикалық әлеуетін көтеретін заңдар қабылдау керек. Мұны қабылдап қана қоймай, іс жүзінде жүзеге асуы тиіс. Халыққа басқа ештеңе керек емес. Қазіргі күні бостандықтың желі ескендей болды.  Бұл өткенді жоққа шығару емес, бар нәрсені бар деп, жоқтың орнын толтыру керек. Сондықтан қазір қиын, қайғылы кезең. Қайта бар ауыртпалықты қара нардай көтеріп, бәріне соншалықты шыдап отырған қарапайым халыққа рахмет. Халықты әбден ашу-ыза қысты. Сосын өзіміз де жастарға жақсы білім, жақсы тәрбие бере алмадық. Кеше тәртіпсіздіктерге барғандар сөйтіп өскен жастар ғой. Қарасаңыз, 17-29 жасқа дейінгі жастар. Мұны басқа күштер пайдаланып кетіп жатыр. Сондықтан ақ-қарасын ажыратып, халықтың намысын, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау қажет. Жаңа Қазақстан деген, міне,  осы. Сол үшін Президенттің бастамаларын қолдауға тиіспіз»,— дейді.

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796