Жаңа зауыттар салынады

Жаңа зауыттар салынады

23 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында ЕО мен Қазақстан арасында жалпы құны 10 млрд еуродан асатын 30 ірі жобаға қол қойылғаны белгілі болды. Бұлардың әрқайсысы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, өңдеу секторын дамытуға серпін беретін жобалар болғалы тұр. Мемлекет басшысының сапары аясында Бельгияға барған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан мен ЕО арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды әрі еуропалық бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Бұл маңызды стратегиялық келісімдердің қатарында, ауылшаруашылығы техникасын өндіретін жетекші еуропалық компаниялар – Dewulf NV және Väderstad Group пен Қазақстан аумағында ауылшаруашылығы техникасын өндіруді локализациялау жобаларын іске асыру туралы келісімдерге қол қойылғаны бізді ерекше қуантқан жаңалықтардың бірі болды. Әрине, ауылшаруашылығы техникалары өзімізде өндірілетін болса, оның пайдасы ұшан-теңіз деген сөз. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сенсек, «жобалардың жалпы инвестиция көлемі €500 млн-ды құрайды. Қазақстан тарапынан серіктестер ретінде «АгромашХолдинг KZ» АҚ мен Eurasia Group AG компаниясы қатысады екен.

Dewulf NV компаниясы картоп жинайтын техниканы, ал Väderstad Group топырақ өңдеу техникасын өндіруді локализациялайды. Өндіріс орындары Қостанай және Түркістан қалаларындағы «АгромашХолдинг KZ» АҚ-ның локализациялау орталықтары базасында орналастырылады. Бұдан бөлек, «Жезқазғансирекмет» РМК еуропалық «EIT RawMaterials» қауымдастығымен қазақстандық мамандарды оқыту жөніндегі және «P&P Industries AG» компаниясымен күкірт қышқылы зауытын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы келісімшарттарға қол қойды.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, Dewulf NV компаниясы – картоп пен басқа да тамыржемісті дақылдарды өсіруге, жинауға және өңдеуге арналған ауылшаруашылығы техникасын шығаратын әлемдегі жетекші Бельгиялық бренд. Ол картоп және сәбіз сияқты көкөністерді егуге, топырақ өңдеуге, өнімді жинауға, сақтауға және сұрыптауға арналған комбайндар мен арнайы техникалар өндіреді.

Ал Väderstad Group – топырақ өңдеу және дәл егу технологияларына маманданған жетекші шведтік ауылшаруашылығы техникасын шығарушы компания. 1962 жылы отбасылық бизнес ретінде басталып, бүгінде әлемнің 40-тан астам елінде ресми өкілдіктері бар жаһандық корпорацияға айналған. 

Негізгі өнімдері: Жоғары дәлдіктегі тұқым сепкіштер, культиваторлар, топырақ өңдеу қопсытқыштары және тыңайтқыш енгізгіштер.

01.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26147
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25601
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42994
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38804
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43395