Жаңаөзен оқиғасынан сабақ алдық па?

Жаңаөзен оқиғасынан  сабақ алдық па?

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасын билік те, халық та ұмыта қойған жоқ. Одан бері де қаншама толқу болды.  Қақтығыстар да орын алды. Биыл сәуір айында компанияның жалақыны көтереміз деген уәдесінің орындалмай қалғанынан кейін «Кезби» ЖШС жұмысшылары бейбіт митинг өткізген еді. Әлі күнге нақты шешім шыққан жоқ.  «Әрі тарт та, бері тарт» жалғасып жатыр. 

«Кезби» ЖШС жұмысшылары былтырғы жылдан бері наразылықтарын білдіріп келе жатыр. 2021 жылдың жазында жаппай ереуілдің нәтижесінде олар өз жалақыларының көтерілуіне қол жеткізген болатын. Биыл мұнайшылар қымбатшылықтың құрсауынан босау үшін жалақыны 20 пайызға көтеруді және 12 сағаттық жұмыс күнін белгілеуді талап етуде.

Турасын айтсақ, Жаңаөзен мұнайшыларының әрбір іс-қимылы биліктің жіті бақылауында. Содан да болар, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанда Жаңаөзендегі ахуалға қатысты баяндапты. Ол жайлы журналистерге берген сұхбатында айтып өтті. «Мен қазір мемлекет басшысына Жаңаөзендегі ахуалға қатысты да баяндадым. Біз екі апта бұрын Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаздың» өкілдігін арнайы ашқан едік. Бұл кеңсенің негізі бағыты мен мақсаты – халықпен жұмыс істеу, халықтың, сонымен қатар кәсіпорындардың сауалдарын қарастыру, өндірістік көрсеткіштерді күшейту. Өкінішке орай, жыл басынан бері Өзен кен орнындағы мұнай өндіру көлемі жоспарлы көрсеткіштерден кем болып отыр. Яғни біздің күн сайын өндіру көлеміміз 1 000-1 200 тоннаға төмен. Сондықтан осы бағытта жұмысты күшейте бастадық», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысына мұнай-газ химиясы кешенін дамыту жайында жеткізгенін айтты. «Тамыздың 20-сына қарай Атырау қаласындағы ірі полипропилен шығаратын зауыт ашылады. Қазіргі уақытта соңғы жұмыстары жүргізілуде. Бұл зауыт ашылғаннан кейін 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл осы өңірдегі ең ірі зауыттардың бірі саналады. Оның өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна пропиленді құрайды», – деді ол. Мағзұм Мырзағалиевтің атап өтуінше, «ҚазМұнайГаз» қазіргі уақытта екі жобамен айналысып жатыр. «Біріншісі – полиэтилен шығаратын зауыт. Бұл зауыттың жылдық қуаты 1 млн 250 мың тонна полиэтиленді құрайды. Ол да Атырау қаласында орналасқан. Екінші жоба – бутадиен шығаратын зауыт. Бұл жоба да компанияның стратегиялық серіктестерімен пысықталып жатыр», – деді компания басшысы.

 

Нағашыбай Қабылбек
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 161
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 158
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 268
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 271
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 481
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 444

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9142
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8541
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11769
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9535
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10749