Жапония десе жұрттан озық, жарты ғасыр алға кеткен алпауыт елді білеміз. Бүгінгі білгендерім тіпті таңғалдырды:
Ол жақта 21 жасқа толмаған адам телефон ұстамайды екен. 21-ге толған соң ғана паспортын көрсетіп қана алады дейді.
Бала-шаға беймезгіл «ютубқа» кіріп, қалағанын көре бермейді. Кіргеннің өзінде көруге лайықты ғана видеолар ашылады екен.
Қоғамдық көлік, көшедегі көріністер: Әр жапонның қолында кітап. Қолсөмкесінде бір-бір кітап жүреді екен.
Кофейня, асхана, аялдама, көлікте көретінің – кітабын ашып жіберіп, қаламын алып оқып, жаза жөнелген бала. Телефон ұстағанды көрмейсің.
Бір жылда 170 кітап! Әр адам орташа осындай оқиды дейді. Одан көп оқитыны қаншама. Бұл өздеріне жаңалық емес. Бізге қызық әрі таңсық.
6-сыныпқа дейін өзге тілді оқуға рұқсат жоқ. Алдымен өз ана тілін әбден санаға сіңіреді. Содан соң барып шет тілін оқуға болады екен. Міне, тамаша!