Жақсы жұмыс – жанға тыныс

Жақсы жұмыс – жанға тыныс

Меркі ауданының  әкімі Жорабек Нұрмергенұлы жұмыс жоспарына сәйкес аудан аумағындағы бірнеше нысандарды аралап, жағдайымен танысты. Алдағы уақыттағы осы салаға сәйкес жобаларын нақтылады. Ондағы мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, кеткен кемшіліктерді толықтыру жолдарын қарастырды. Жұмыс сапары Меркі тұқым зертханасының тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Зертхана директоры Нышан Базилов былтырғы жылы барлық шаруашылық егілетін дәндерін осы жерден тексеруден өткізген. Ал биылғы жылы бұл жұмыстар тұралап тұрғанын жеткізді. Қазіргі таңда бірнеше шаруашылық 1017 тн дәнді зертханадан өткізген. Аудан әкімі осы мәселеге байланысты ауылшаруашылығы бөлімі басшысы С.Бұтабаевқа барлық шаруаларға хабарлама беріп, тексеруден өткізбегендерді карантиндік қызмет мамандарымен бірге тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Аудан әкімі жерге орналастырылған дәннің өнімділігі төмен болса, тыңайтқыштың да, сумен қамтудың да маңыздылығы төмендейтінін айтты. Сол үшін тек 2 сұрыптан жоғары тұқымды пайдалануға барлық шаруашылықтарды шақыруды тапсырды.

Аудан әкімі жұмыс сапары барысында көктемгі егіс жұмыстарына дизель отынының дайындығын тексерді. Биыл бұл жұмыстарға 1650 тг жанар-жағармай дайындалыпты. Шаруаларға тарату орны да белгіленді. Енді шаруалар әкімдіктен арнайы рұқсаттама қағазын ала отырып, "Жақсы" жағармай бекетінен ала алады. Аудан әкімі дайындалған дизель отыны төкпей-шашпай, тәртіпке сай шаруашылықтарға қажеттілігіне байланысты таратылуын қатаң бақылауда ұстауын тапсырды.

Аудан аумағында суармалы жер көлемін арттыру мақсатында 46 ұңғыма қазылуда.
Ұңғымадан шыққан су жаңартылған каналдар арқылы үлкен Шу каналына үйлестіруліп, егіс алқаптарына жіберілетін болады.
Осы орайда атқарылған жұмыстар барысын тексеру үшін аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы  
«КазСушар" шаруашылығы бастығы Малик Адилкуловпен кездесті.
Ол жұмыстардың атқарылуы, қиындық тудырған мәселелер туралы баяндады. Аудан әкімі биылғы жылы егіс алқаптарын, әсіресе қант қызылшасын егетін шаруашылықтарды сумен қамту үшін барлық қолдан келгенді жасау керектігін айтты. Өйткені биылғы жылы қант қызылшасы алқабы 1000 га -ға ұлғайту көзделуде.
Жалпы 2700 га алқаптқа қант қызылшасы егілмекші.

– Ауданда суармалы жерлердің ауқымын ұлғайту мақсатында ауданда ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Атап айтсақ, қазіргі таңда 42 ұңғыманы қазу жұмыстары басталып кетті. Мекеме теңгеріміндегі 44 су каналының 40-ы қалпына  келтірілуде. Бұл жұмыстарды  мердігер «Еламан» және «ТрейдИнтерКом» ЖШС жүргізуде. Дегенмен «ТрейдИнтерКом» ЖШС жұмыстары тоқтап, дайын ұңғымалардан егіс алқаптарына су жіберуге кедергі келтіріп отыр,- деді «КазСушар"  шаруашылығы бастығы Малик Адилкулов.

Қазіргі таңда каналдарды жаңарту жұмыстары тек 45 пайызға атқарылған. Аудан әкімдігі мердігер компаниямен келіссөздер жүргізіліп, жұмыс кестесін нақтылануда. Бұдан соң аудан әкімі «Андас -1», «Андас-2», «Андас-3» су қоймаларының құрылыс жұмыстарымен танысты. Мердігер «Толағай 2050» компаниясы нысанды конкурстан ұтып алып, бастауға дайын екенін айтты. «Толағай-2050» компаниясының атқарушы директоры Қанат Нышанов  келесі жылы  мамыр айына дейін су қоймасы жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.  Аудан әкімі кездесу барысында бұл жұмыстарға жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды компания өкілдеріне тапсырма етті.

Келесі кезекте аудан басшылығы Кеңес ауылдық округіндегі «Кеңес-4» су қоймасының жағдайын көрді. Ауылдық округ әкімі Жапаркулов Есберген су қоймасы тазалауды қажет ететіндігін айтып, әкімнен бұл жұмысқа қолқа болуын сұрады. «Сыйымдылығы 3500 куб суды жинауға қауһарлы қоймада қазіргі таңда 450 куб қана су бар екен.  Егер су қоймасы тазаланса, жақын арадағы барлық ұңғымалардың суын жинап, көлемін арттыруға, Кеңес, Аспара, Ақермен ауылдарына су жіберуге мүмкіндік мол», -деді ауыл әкімі.

Бұдан соң жұмыс кестеге сай «Смарт Агро Каркара» ЖШС көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтарын көрді. Ауданда іргелі, жаңа технологиялармен жабдықталған бұл шаруашылық жұмысы жүйелі. Облыста  спутникпен техниканы басқарып, жүргізушісіз басқару жұмыстарын қолға алған бірден бір шаруашылық. Марат Қадыров, «Смарт Агро Каркара» ЖШС-ның бас агрономының сөзінше биыл 150 гектарға 300 гектар арпа, 450 га жерге мақсары дәндерін егуді жоспарланыпты. Ал Жауғаш батыр ауылындағы жерді парға қалдырып, тыңайтуды жөн көрген.   Осылайша шаруашылық өздеріне тиесілі барлық жерді толықтай игеретіндігін жеткізді. Бұдан соң аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы "Мыхан орда" ЖШС-ның жаңбырлатып суару қондырғыларымен танысты. Алқап басында аудан әкімі шаруашылық иесі Мақсұт Несіпбаевпен жолығып, жұмыс барысын талқылады. Шаруашылық Түрік елінен "Atlantis" суару қондырғыларының 19 данасын әкелген. Бір қондырғының бағасы 30-50 млн шамасында. Жалпы өздеріне тиесілі алқаптарды осындай жабдықтармен жабдықтау үшін 2,2 млрд.қаражат кеткен.
Агрегатты сумен қамту үшін арнайы су жинау бассейнін де жасақтапты. Шаруашылық басшысы биыл 450 га жерге қант қызылшасын орналастыруды көздеп, қамданып жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар, шаруашылық күздік бидай егіп, көктемді дала жұмыстарын да қызу жүргізуде. – Біз келген алқап 130 шектар жер. Мұнда қант қызылшасын егу үшін жағдай жасап отырмыз. Түрік елінен әкелінген жаңбырлатып суару құрылғысының 2 данасын осы алқапқа қойдық. 1200  гектар жерді  19 жаңбырлатып суару құрылғылары толықтай сумен қамтамасыз етіп, өнімділікті еселеп арттырады деп сенеміз. Мұндай құрылғыларды ауданға алдыртуға да болады. Шаруалар ниет білдірсе, келіссөздер жүргізіп, көмек қолын созу,а дайынбыз,-деді  "Мыхан орда" ЖШС-ның төрағасы  Мақсұт Несіпбаев. Ауылшаруашылығы саласымен қатар, ауданда  балық шаруашылығы да қарқынды дамуда. Болат Мәмедалиев осыдан біраз жыл бұрын балық шаруашылығын қолға алған еді. Қазіргі таңда жұмысы өрге өрлеп, жемісін көруде. Аудан әкімі Аспара ауылдық округінде орналасқан Болат Мәмедалиевтің жұмысымен танысты. Мұнда карп, Амур, жыланбас, судак секілді балықтар өсірілуде. Балықтар алды 5 келіден 15 келіге дейін жетеді. Биыл балық уылдырықтарынан шабақтарын өсіру үшін сегіз арнайы құрылғылар сатып алып, контейнерден орны да дайындалыпты. Бір құрылғы 1 млн шабақты өндіруге қауһарлы. Кәсіпкер алдағы уақытта қырғауыл шаруашылығын қолға алмақшы. 82 га көлемді алып отырған көл айналасы көз тартарлық. Бәрі де  талғаммен, еңбекпен келгені көрініп –ақ тұрды.
Болат мырза тек қаржылық жағын реттегені болмаса, қалған жұмыстың бәрін баласы Айдостың атқарып жүргенін айтты.
Айдос өзі балықтарға арнайы ұрықтандыру үшін дәрі салудан басқа да барлық әрекеттерін тек өзі жасайды екен.
Ол мұның бәрі туризмді дамыту, келген қонақтарға қолайлы жағдай жасау үшін жасалғанын жеткізді.

Ләззат Серікбай
13.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 95
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 95
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 242
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9116
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9508
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722