«Жас келіндер» экологиялық байқауы

«Жас келіндер» экологиялық байқауы

      Өзіміз тұрып жатқан өлкенің тазалығын сақтап, қоршаған ортамызды қорғаудың маңызы зор. Сол себепті, сіздерді Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жас келіндер» экологиялық байқауы өтті. 

Іс-шараның басты мақсаты тұрғындарды Жамбыл өңірінің тазалығын сақтауға атсалысуға шақыру.  Әрі тазалықты сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігін, татулығын қамтамасыз етіп, ұрпақтар сабақтастығын арттыру боолып табылады.  Ауланы абаттандыруға, әрі қоқыстардан тазалауға арналады. Байқауға ұйымдастырушылар  Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ.

 Өз ісіне жауап­кершілігі жоғары қатысушылар нәп-нәзік болмысымен, әрі өзінің қажырлы еңбегімен ауласы ең таза екендігін  дәлелдеді. 

– Менің жұмысымның өз жауап­кершілігі бар. Адамдардың жай мән бермейтіндігі болмаса, тазалық-мәдениет. Айнадай тазартып шыққаннан кейін айналаңа қарап, қуанасың. Кейде үй төңірегінен өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, сүйсініп жатады. Үй маңын абаттандыру, жасыл желеумен көмкеру өзіме ұнайды, – дейді Өсербай Гүлдана.

   Өсербай Гүлдана аталмыш шарадағы жалғыз қатысушы емес. Жамбыл ауданының 9 келіні «Ең таза аула» конкурсына қатысты.  Айта кетейік, аталмыш додаға байқау шартына сәйкес тек  35 жасқа дейінгі жас келіндер қатысты. 

    – Әлеуметтік мәні үлкен бастаманың аудан тазалығы үшін ғана емес, тұрғындардың санасына да әсері айтарлықтай. Ең басты мақсатымыз – өлкемізді тазалыққа шақырып жатқан жандарға, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді Әнипаева Алма.

       Арнайы құрылған комиссия конкурсқа қатысушылардың жұмыстарына баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

       Байқау үздіктері тұратын аулалар әрине, қашан да таза. Аула қоршаулары әдемі боялған, жол жиектері сырланған, жасыл желектері мен гүлдері күтіп-бапталынған. Ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылған байқауды әзірге ұйымдастырушы тараптың қаржылық демеушілігімен жүргізіп отыр. Алдағы уақытта демекшілер де тартылмақ. 

    Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Әрі алдағы уақытта осы іспеттес қоғамдық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылады, дейді ұйымдастырушылар.

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 26
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 372
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8435
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9417
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643