Жастар саясатының жаңа қағидалары әзірленді

  Жастар саясатының жаңа қағидалары әзірленді

      Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде: «Бізде қазір жастар саясатына қатысы бар Жастар саны да айтарлықтай өсіп келеді. Бұл бір жағынан демографиялық статистика, оның ішінде Президенттің жастар санатына кіретіндердің жасын 35-ке дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына да байланысты. Бүгіндері жастар саясатының бірқатар жаңа қағидалары әзірленді. Бірінші кезекте, жастарды объект ретінде қарастыруға болмайды. Жастар – мемлекет үшін ең маңызды субъект, маңызды ресурс. Жастарды объект ретінде қарауды қойып, субъект ретінде санасу тәсіліне көшуге тиіспіз. Жастардың өзі де мемлекет олармен қандай тұрғыда жұмыс істеуі керектігін айтып, сұраныстарын жеткізе білуі керек. Бұл өте маңызды мәселе. Екінші маңызды міндет – атаулы жұмыс. Жастарға біржақты қарап, жалпылама қарым-қатынас орнату аздық етеді. Өйткені әр өңірдегі жастардың ұмтылыстары әр түрлі. Сондықтан, жастар саясаты икемді, атаулы болуы тиіс. Мемлекет салауатты бәсекелестікті ынталандыруы керек. Бұл ең алдымен түсінікті, толыққанды түсіндірілген мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске аспақ. Келесі өте маңызды компонент – дәйектерге негізделген саясат. Біз қазір жастардың түрлі санаттарының арасында не болып жатқанын түсінуіміз керек. Көбірек зерттеулер жүргізіп, тек мемлекеттік қана емес, халықаралық зерттеулерге де назар аудару қажет. Ол зерттеулер жұмысымызда тиімді пайдалануылуы керек. Халықаралық ұйымдармен жұмыстың да маңызы зор. Шын мәнінде, түрлі халықаралық ұйымдардың көптеген жобалары жастардың атсалысуымен жүзеге асырылады. Ортақ нәтижелерге қол жеткізу үшін бұл бағытта да ашық жұмыс істеуіміз керек», деп түйіндеді сөзін.

Ермек Сахариев
04.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5404
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5560
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20528
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19159
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22619