Жастардың 30%-дан астамы есірткіге әуес

Жастардың 30%-дан астамы есірткіге әуес

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткіні жарнамалаушы сайттарды анықтап, қылмыстық іс қозғады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды бұқаралық ақпарат немесе электронды құралдарды қолдану арқылы насихаттау немесе заңсыз жарнамалағандарға 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бүгінде мемлекеттік деңгейде «Жастар отанға» жол картасына сәйкес жалпы жастар арасындағы нашақорлықты 9%-ға төмендету бойынша орташа көрсеткіш белгіленген. Алайда елордалық полиция департаменті 2020 жылы есепте тұрғандардың 30%-ы жастар екенін анықтаған.

Басқарма басшысы Олжас Жарылғаповтың айтуынша, жыл басынан бері елордада ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1 бабы бойынша, яғни есірткі сайттарын жарнамалау фактісімен 16 қылмыстық іс қозғалған. «Елорда тұрғындарынан есірткі заттарын жарнамалайтын дүкендердің граффити суреттеріне қатысты 67 хабарлама түсті, барлығы жойылды. 18 веб-сайттың мекенжайы бұғаттауға жіберілді», – дейді Олжас Жарылғапов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы ел халқына арнаған Жолдауында «Құқық қорғау органдарына біздің азаматтарымыз арасында, әсіресе жастар арасында есірткінің таралу жолына қуатты тосқауыл қою тапсырылады» деп атап өткен болатын. Бірақ жастар арасындағы есірткіге әуестік мәселесі күннен күнге күрделеніп барады. Ресми дерекке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылы 15-20 жас аралығындағы есірткіге тәуелділердің саны 6 238 адамға жеткен. 2019 жылы – 6 156 адам, 2018 жылы – 5989 адам. Алкоголизммен есепте тұрғандар бойынша көрсеткіш – 1013 адам. Жастар жасаған суицидтер бойынша статистика 2019 жылы – 39 адам болса, 2020 жылы – 45 адам.

Қалалық Полиция департаментінің ресми ақпаратына сәйкес қазіргі уақытта жаһандық проблема – бұл арзан және қол жетімді болып табылатын синтетикалық есірткінің таралуы. 2021 жылдың өткен кезеңінде елордада синтетикалық заттардың сақталуы мен таралуына байланысты 141 факті анықталған. 2 зертхананың қызметі тоқтатылып, есірткі сайттарына қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ соңғы уақытта дәріханалық нашақорлықта кең «етек жайып» келеді. Фармацевтердің құрамында кодеин бар препараттарды рецептісіз таратуының жолын кесу мақсатында ІІД және фармбақылау қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Жыл басынан 200-ден астам субъект тексерілді. ІІД күшімен 636 қылмыстық теріс қылық, аз мөлшерде есірткі сақтау фактісі анықталған.

«Қаланың ішкі саясат басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізуде», – дейді басқарма басшысы Дәурен Бабамұратов. Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі медиажоспар әзірленді, оның шеңберінде БАҚ, «Астана», «Хабар24», «Хабар» телеарналарында, әкімдік сайттарында, ақпараттық порталдарда, 20-дан астам электрондық БАҚ арқылы халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Соңғы 2 айда 100-ден астам мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде нашақорлықтың алдын алу тақырыбына пабликтерге таратылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бейнематериалдар әзірленіп, олар ресми YouTube арнасында орналастырылды, аудиороликтер «Астана» радиостанциясында және елорданың 40 ірі СОО-да көрсетіледі. Дегенмен интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткілерді жеткізу, «Kaspi» арқылы төлеу және көп қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына есірткі құралдарын сақтау жағдайларын болдырмау мақсатында әлі де болса көп қабатты үйлердің кіреберістерін бақылауға алуды, мүмкін болатын жерлерде сыртқы бақылау камераларын орнату жұмыстарын жедел қолға алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды пысықтау  – уақыт талабы.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
07.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660