Жаз жайнатып, күн күлдіріп

Жаз жайнатып, күн күлдіріп
Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз деп оқу жылы аяқталысымен, мектеп оқушылары лагерьге де жетті. Жазғы лагерь – демалыс уақытындағы оқушылардың денесін шынықтыруы, күш жинауы, оқушыларды рухани баю, қоршаған ортамен танысу, балалардың өзіне деген сенімділігін арттыру үшін берілетіні белгілі.
Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастап, еліміздің түкпір-түкпірінде жазғы лагерьлер жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, «Тау самалы» сыртқы лагерінде ауданымыздың оқушылары көңілді демалыстарын өткізуде. Күні кеше аудан әкімі аппараты мен облыстық білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің қызметкерлері «Тау самалы» сыртқы лагерінде болып, ондағы оқушылардың демалысына куә болды.
Кейбір лагерьлер бірінші маусымды артқа тастап, келесі кезеңге балаларды күтуде. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу әрі олардың сауықтырылуын қамтамасыз ету үшін биыл ауданда 300 бала жазғы лагерьде демалатын болады.
Солардың алғашқы кезеңінде 85 бала демалыстарын жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері болып қалуы үшін оқушылар лагерьді ерекше өткізуде.
Байзақ ауданы әкімдігі
26.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5121
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5281
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20241
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18883
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22342