ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Қала әкімі дағдарыстық жағдайдың тұрақталғанын, дегенмен қауіп толық сейілгенше мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандар, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті нысандардың күзетілуіне аса назар аудару керегін айтты.

 

Қаланың Бас прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы қаладағы жағдайды, орын алған құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті сақтау туралы баяндады.

 

Коменданттық сағатты бұзғаны үшін 204 азамат әкімшілік жауапқа тартылды, оның 75-і қамауға алынды.

Блок бекеттерде 14 962 автокөлік тексеріліп, нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 9 азамат ұсталды. Олардан 2 газ тапанша тәркіленді. Жалпы іс-шаралар нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 77 адам бойынша қылмыстық іс қозғалып, абақтыға қамалды. Күдіктілерден шолақ мылтық, травматикалық тапанша, патрондар мен ұрланған телефондар тәркіленген.

 

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 50 тәртіп сақшысы түрлі жарақат алған, оның ішінде екеуіне оқ тиіп, ауыр жағдайда. 77 полиция көлігі зардап шеккен.

 

Ал, өрт сөндірушілер арасында дене жарақатын алғандар жоқ. Күнделікті 50-ден аса техника мен 900 жеке құрам қызметкері үш ауысымда күшейтілген күн тәртібінде жұмыс істеуде.

 

Қала әкімі осыған дейін ауруханада жатқан полицейдің жағдайын сұрап ауруханаға барған болатын, бүгінде ол дәрігерлер бақылауында.

 

Жиын Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының дер кезінде жасаған шұғыл шешімдері мен тапсырмалары арқасында қаланың жағдайы тұрақталғанын атап өтті. Қиын сәтте алдыңғы қатарда қызмет еткен барша жауынгерлерге, полицей, прокурорлар, Ұлттық Ұлан, әскерилер, ҰҚД, гвардия қызметкерлеріне, дәрігерлер мен сабырлық сақтаған қала тұрғындарына алғысын білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 62
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 61
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796