Зейнетақы жинағындағы артық қаражатты алу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылуы мүмкін

Зейнетақы жинағындағы артық қаражатты алу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылуы мүмкін
 0

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Facebook-тегі парақшасында зейнетақы жинағындағы артық қаражатты алу мерзімін жыл соңына дейін ұзарту туралы ұсыныс жасады.

«Осы күндері баршамыз Отбасы банктегі үлкен кезектердің куәсі болдық. Үш күннен кейін зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін олардың шегі көтеріледі. Халық арасында қарадан-қарап тағы да дүрлігу пайда болды. Өткен жылғы желтоқсанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтары жеткіліктілігінің ең төмен шегін арттырғаны бәріміздің есімізде, бұл үлкен қоғамдық резонанс туғызды. Оның үлкен болғаны сонша, тіпті Президенттің араласуына тура келді. Соның нәтижесінде, жеткіліктілік шегін арттыру 2022 жылғы 1 сәуірге дейін кейінге қалдырылды.

Осыған орай, «AMANAT» партиясының Фракциясы ең төменгі жеткіліктілік шектерін қайта есептеу ұсынысымен депутаттық сауал жолдаған болатын, бұл, сайып келгенде, олардың айтарлықтай азаюына алып келетін еді. Бірақ, өкінішке қарай, біз сауалымызға формальды жауап алдық. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу Мемлекет басшысының идеясы болғанын еске салғым келеді. Ол халықтың мықты қолдауына ие болды. Мыңдаған азаматтар тұрғын үй сатып алып, ипотекасын өтеді, емделу ақысын төледі – бұл нақты әлеуметтік әсер. Жеткіліктілік шектерін 2 есе дерлік орынсыз ұлғайту іс жүзінде Президент идеясының беделін түсіреді. Қарадан-қарап шынайы реформадан азаматтардың наразы болуы үшін жаңа себеп пайда болды. 1 сәуірге дейін мүлде аз уақыт қалды. Бірақ ЕХӘҚМ және БЖЗҚ тағы да үнсіз. Шешімдер, түсіндірулер мен талқылаулар жоқ.

Ең төмен жеткіліктіліктің жаңа шектері тағы да халық үшін тосын сый болмақ әрі олар қазірдің өзінде Отбасы банкте кезекке тұр. Теңге бағамының девальвациясы мен зейнетақы жинақтарының құнсыздануы аясында шектерді ұлғайту азаматтардың наразылығы мен түсінбеушілігін туғызады. Күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере отырып, «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің Төрағасы ретінде Үкіметті зейнетақы жинақтары ең төмен жеткіліктілігінің ағымдағы шектерінің қолданылу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырамын.

Алдағы уақытта ең төмен жеткіліктіліктің шектерін арттыру негізі ретінде жылдық инфляцияны пайдалану және жыл сайын қайта қарау керек, кемінде азаматтарға нені күту және қалай жоспарлау керектігі түсінікті болады.

Бұған қоса, дағдарысқа қарсы және әлеуметтік шара ретінде азаматтарға зейнетақы жинақтарын автокредиттері мен тұтынушылық кредиттерін өтеу үшін пайдалануға уақытша рұқсат беруді ұсынамын. Бұл ретте, әрине, мұндай пайдалану шарттарын нақты жазу қажет.

Мәселен, егер адам шынымен де кірісін жоғалтып, кредитке қызмет көрсету бойынша қиындықтары болса, соның салдарынан азық-түлікке, киім мен балаларына үнемдесе. Бұл адам зейнетақысы туралы ойланатын жағдай емес екені анық. Өзінің жинақтарын алып, қарыздарынан құтылуға мүмкіндік беру керек. Оның үстіне, мемлекет кез келген жағдайда оған базалық зейнетақыға кепілдік береді», – деп жазды ол.

tyrkystan.kz.
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 175
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 67
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 108
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 127
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 92
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 508
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 475
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 498
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 491
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 489
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 504
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 494
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9733
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9107
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12342
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10112
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11322