Түркістан облысының кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражаттар мектеп және оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталады. Бүгінгі таңда республика бойынша жемқорлардан алынған 100 млрд теңге бар. Қараша айында бұл ақшаны бөлу үрдісі басталады. Биыл облысты дамытуға республикалық бюджетте 367 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған», – деді.
Аталған кеңесте облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі ағымдағы ахуал, негізгі экономикалық көрсеткіштер және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы айтып берді. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Мәдениет және спорт министрі, Ағарту министрі және энергетиканың бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай баяндама жасады.