Жемқорлықпен күреседі деп сенгеніміз өзі жемқор екен

Жемқорлықпен күреседі деп   сенгеніміз өзі жемқор екен

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Тіпті ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар болып жатыр десек, қателеспейміз. Бұл жерде құзырлы мекемелердің ашықтығы мен әділдігін айрықша айта кеткен жөн. Жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында бір хабар басылды. Бажайлап қарасақ, жемқорлықпен күресуге тиісті тұлғаның өзі жемқор екен...

Агенттіктің сайтындағы материалда: «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. 

Айыпталушы сотқа тартылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген.

Саяжан ҚАЙДАР
20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6646
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6772
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21754
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20368
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23859