Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес құрылды

Жемқорлыққа қарсы  қоғамдық кеңес құрылды

Қыркүйектің 17-күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің алғашқы жиналысы болып өтті. Жаңа Қоғамдық кеңестің құрамына Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым, М.Нәрікбаев университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сияқты елге танымал тұлғалар енді. Алғашқы жиналыста қатысушылар ашық дауыс беру тәсілі арқылы жаңа құрылған кеңестің төрағалығына «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының Президенті – Дархан Қыдырәлі cайланды. Алғашқы отырыста сөз сөйлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов жаңа кеңестің құрылғандығын құттықтай отырып, алдағы мақсаттар мен міндеттер туралы сөз сөйледі.

– «Агенттік жұртшылықпен сындарлы серіктестікке мүдделі. Бұған қоғамдық кеңестердің мәртебесін көтерген, оларды нығайтып, кең өкілеттік берген заңнамаға биылғы жылы енгізілген түзетулер де ықпал ететін болады. Осыған сүйене отырып, Агенттіктің қызметінде болып жатқан барлық процестерге қоғам өкілдері белсенді түрде қатынасады. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаулар мен мониторингтерді жүргізу, түрлі жобаларды іске асыру, Antikor-орталықтарының жұмысы және т.б. бар. Мұндай тәсіл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымызды одан әрі дамытуға қуатты серпін береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тұжырымдамасын әзірлеп    жатырмыз. Бұл жұмысқа біз азаматтық қоғам өкілдерін тартуды жоспарлап отырмыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық азаматтар мен біздің жұртшылықты белсенді қатысуға және өз ұсыныстарын енгізуге шақырғым келеді», – деді Марат Мұратұлы.

Бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен Дархан Қыдырәлі мырза: 

– «Қоғамдық кеңес заң талаптарына сәйкес енді нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және азаматтардың өтініштерін қарастыра алады. Агенттік пен қоғам арасына арқау болып, ашық алаң ұсынатын Кеңес жергілікті деңгейде құқық қорғау органдары басшыларының есептерін тыңдауға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға да құқылы. Сонымен қатар Кеңестің жұмыс топтары құрылып, жұмыс істейді.Қазақстан Президенті: «Жемқорлық – жегіқұрт, қоғамдық індет. Онымен күрес – баршаға міндет»,  –  деп айтқан еді. Қоғамды іштей кемірген бұл жегіқұртпен күресте қоғамдық кеңес те аянып қалмайды»,  –  деп жазды.

Ерқазы Сейітқали
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 979

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660