Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әйелдерін  8 наурыз мерекесімен құттықтады

 

8 наурыз қарсаңында гүлдер, сыйлықтар, жүрекжарды әңгіме –  Қарағанды облысының әкімдігінде әйелдерге арналған құттықтау осындай болды. Мерекеге әр түрлі қалалар мен аудандардан ерекше көзге түскен әйелдер қауымы жиналды. Шақырылғандардың арасында мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіпкерлер мен полицейлер, көп балалы аналар бар.

Биылғы жылды Президент балалар жылы деп жариялады. Кездесуде бала тәрбиесіндегі әйелдің рөлі және ананы қолдаудағы мемлекеттің маңызы туралы көп айтылды.

– Біз не салсақ та, мемлекет деңгейінде не істесек те, баланың басты қорғаушысы әрқашан ана болады, – деді аймақ басшысы. – Сондықтан әйелдердің денсаулығы мен әл-ауқатына да үлкен көңіл бөлінеді. 8 наурыз –  әйел-анаға тағзым етудің бір белгісі. Ана болу –  үлкен еңбек. Біз көп балалы аналар санының жыл сайын өсіп келе жатқанына қуаныштымыз.

Бүгінде Қарағанды облысында 18 мыңнан астам көпбалалы ана тұрады. Олардың көпшілігі үй шаруашылығымен ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіпкерлер болып, қайырымдылықпен айналысады.

Дәстүр бойынша кездесуде көпбалалы аналар "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталды. Алтын марапатқа жеті бала тәрбиелеп отырған Айнұр Сафарова ие болды. Күміс алқа Әсел Әубәкірова мен Сәуле Төребековаға табысталды. Сондай-ақ, бес әйел Қазақстан Президентінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Одан әрі бейресми жағдайда Жеңіс Қасымбек барлық жиналған нәзік жандыларды тыңдап, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Әйелдер өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Дәрігерлер вакцинацияның, әсіресе жүкті әйелдер үшін қаншалықты маңызды екенін еске салды. Бұл ананың да, баланың да денсаулығын сақтауға көмектеседі. Мұғалімдер отбасылық құндылықтарды сақтауға шақырды. Сонымен бірге, барлығы білім беру мәселесінде әкенің де, ананың да рөлі бірдей маңызды екендігімен келісті.

– Дені сау әйел салауатты ұрпақ тәрбиелейді. Мен өзім көп балалы анамын. Менің төрт балам бар. Егер әрбір көп балалы ана мемлекетке деген масылдық қарым-қатынасты жойып, ана болу жауапкершілігінің дәрежесін түсініп, осы атақты мақтанышпен алып жүретін болса, онда біздің елімізде бақытты отбасылар көп болады деп есептеймін, – деп атап өтті Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлия Жәңгірова.

– Мен осындай жағымды іс-шараға алғаш рет қатысып отырмын. Бұл кездесу ресми түрде өтуде, дегенмен атмосфера жылулыққа толы, – дейді Теміртау мұражайының директоры Наталья Скорикова. – Қарағанды облысының, Қазақстанның және бүкіл әлемнің әйелдерін мерекемен құттықтаймын. Оларға, олардың балалары мен жақындарына денсаулық тілеймін! Және де, әрине, бейбіт аспан болсын!                                            

Жомарт Шаймұрат
05.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 136
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 173
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 170
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 136
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 283
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 456

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9548
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10761