Жер ешқашан сатылмайды!

Жер    ешқашан   сатылмайды!

Адамзатқа ортақ мекен – жер жұмыр,

Әр пенде үшін туын тігер нық тұғыр.

Отан, жерін қорғаймын деп мерт болып

Кеткен жоқ па қан майданда сан ғұмыр.

«Сөзде – жүйе, жерде – кие бар», – деген

Бұрынғылар жауға қылыш сермеген.

Үйде туып, түзде өлген боздақты

Туған елі таза арулап жерлеген.

Сонда туып, сонда басқан қадамын,

Жер әуелден тал бесігі адамның.

Бертінде ғой жер межесін белгілеп,

Әрбір елдің қойғаны ала бағанын.

Сызылса да көп елдің жер картасы,

Әркімге ыстық өз жерінің тау-тасы.

Отырғаны ел боп жеке әр ұлттың

Біле-білсек, осы жердің арқасы

Жері жоқ ұлт – жетімек жан баяғы,

Маңдайына тиген тағдыр таяғы.

Жалтаңкөз боп өткен елді бөтенге

Көзге ілмейді әлсіздер қыл аяғы.

Жерден қымбат ештеңе жоқ пендеге,

Ала алмайтын сатып пұлдап теңгеге.

Жер – барша елдің қазынасы, байлығы,

Оны сатса, үндемейін мен неге?

Жер қалған жоқ ешкімге де мұраға,

Ол деп төккен қанның құнын сұрама.

Жерсіз мына тіршілікте өмір де

Болмас еді-ау, миға салсақ, сірә да.

Жер ешқашан сатылмайтын құндылық,

Көтеретін көкке ұлттық ту қылып.

Жат пиғылдың тыю керек аранын,

Көкпарға сап жерді жүрген шу қылып.

Бойда барда ар-намысың, әл-күшің,

Ей, азамат, болмай жансыз тас мүсін

Елдігіңнің бас белгісі жеріңді

Баға жетпес зор құндылық деп түсін!..

 

Ермек САХАРИЕВ
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 59
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 109
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 35
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 337
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6439
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8053
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6520
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6655