Жетім және мүгедек балалар үшін жатақхана құнының 50% мемлекет өтемек

Жетім және мүгедек балалар үшін жатақхана құнының 50% мемлекет өтемек

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидалары туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілмек. «Мемлекет білім алу кезеңінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға арналған шығыстарды ішінара өтейді», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында. Айта кетейік, қолданыстағы ережеге сәйкес, аталған санаттағы білім алушылардың ішінара шығыны мемлекет тарапынан өтелмейді. Сонымен қатар, енді жоғары оқу орындарында оқитын жетім және мүгедек баралардың жатахана шығыстарының 50%-ын Үкімет жабады.«Мемлекет көрсетілген санаттағы азаматтарға жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін 29 айлық есептік көрсеткіштен (96 600 теңге) аспайтын тұру құнының 50 пайызы мөлшерінде шығыстарды өтейді», — деп өзгеріс енгізілген қаулыға. Құжат 28 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

ҚазАқпарат
09.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5412
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20375
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19011
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22475