ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
Жетісай қаласының орталық саябағында бой көтерген спорт кешенінде көрерменге арналған 150-дей орын бар. 2022 жылы құрылысы басталған нысанның сметалық құны 1 млрд 174 млн теңге. Ауданы 1 гектардан астам.
Заман талабына сай салынған кешенде енді балалар мен жасөспірімдер спорттың волейбол, баскетбол, футзал, ауыр атлетика, үстел теннисі, еркін күрес, таэквондо және бокс сынды түрлерімен тұрақты шұғылдана алады.
15 айда пайдалануға берілген спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» мекемесі орналасады. Клуб құрамында жасақталған 61 топта 860 спортшы спорттың 7 түрімен тұрақты шұғылданып келеді. Түрлі деңгейдегі жарыстарда жеткен жетістіктері де аз емес.
Айта кетейік, «Жетісай спорт клубы» мекемесінде бүгінде 25 жаттықтырушы мен 13 нұсқаушы ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округтерде спорттық үйірме жұмыстарын жүргізеді. Бұл өз кезегінде балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтіні анық.
Жетісайға жұмыс сапарында облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс алаңында болып, мердігердермен кездесті. Жауапты тұлғаларға тасырмалар берді.
Сондай-ақ облыс басшысына аудан аумағындағы өзекті мәселелер баяндалды.
Ауданның электр энергиясының тапшылығы,
газдандыру, ағын су, каналдарды механикалық тазалау, ауылдық мәдениет үйлерін салу мәселелері жеткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 519
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 625
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 630
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 623
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 626
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 402

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11705
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10633
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13867
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12824
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17829