ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футболдан ашық біріншілігі өтті.
⚽️Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы аясында «Біз – нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен 2014-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен турнирге көршілес аудан, қалалардан 10 команда қатысып, өзара мықтыларды анықтады.
⚽️Жарыс қорытындысы бойынша өзгелерден ептілігі мен ұйымшылдығын көрсеткен «Arman's akademi» футбол мектебінің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы ІІ орынды еншіледі. Ал Кентау қаласының жасөспірімдер командасы І орынды иеленіп, жарыстың чемпионы атанды. Одан бөлек, үздік ойын өрнегін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген бірқатар ойыншы түрлі номинацияларға ие болды.
✔️Жеңімпаз командалар мен номинацияларға ие болған жекелеген ойыншы Жетісай аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаевтың дипломдарымен, кубок-медальдарымен марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЧЕМПИОНДАР ДАЯРЛАЙДЫ
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 26.03.2025 86
Жүзге жуық жас өнерпаз бірігіп күй тартты
Аят БАТЕЙ, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті. - 25.03.2025 146

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3131
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3350
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18255
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16958
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20358