Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 145 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 72-сі есірткі қылмысы ретінде жіктелген, оның ішінде 43 сату фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 12 фактісі бар. Өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарының саны 23%-ға төмендеп, 72 жағдайға жетті.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Эмиль Шарменов мәлімдеді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде 692 кг есірткі тәркіленді. Оның 235 келісі марихуана, 66 келі синтетикалық есірткі және 385 келі қарасора. Екі есірткі лабораториясы таратылып, 14 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмағандар ұсталды. Тергеу қорытындысы бойынша сотқа 93 қылмыстық іс жіберіліп, 78 адам сотталды.
Атап өтейік, облыс бойынша есепте 230 нашақор тұр, олардың басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы жастар. Бір жыл ішінде ста-ционарлық емдеуден 68 пациент өтті, олардың 65-і ерікті түрде жүгінген.
Көрсетілген кезеңде облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 145 құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылы 156 іс тіркелді. Сондай-ақ оның ішінде 72 есірткі қылмысы (+18%, 2023 жылы – 61), 43 өткізу фактісі (+59,3%, 2023 ж.-27) ҚР ҚК 297-бабы 1-3-бөлігі; - Аса ірі мөлшерде сақтаудың 12 фактісі (-36,8%, 2023 жылмен салыстырғанда 7 фактіге аз -19) ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі; - Заңсыз жарнаманың 5 фактісі (2023 жылмен салыстырғанда 4 артық -1) ҚР ҚК 299-1-бабы.
- 1 контрабанда фактісі (2023 ж.-0) ҚК 286-бабы 1-Б.;
- Заңсыз өсірудің 10 фактісі (-16,7%, 2023 ж.-12) ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі;
- ҚР ҚК 303-бабының 1-бөлігі есірткі құралдарымен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың 1 фактісі (2023 ж.-1).
22 фактіге есірткі теріс қылықтарын тіркеуді төмендетуге жол берілді, барлығы 73 анықталды (-23,2%, 2023 жылы -95),
оның ішінде:
- 3 факт (-81,3%, 2023 ж.-16) ҚК 296-бабы 1-бөлігі бойынша;
- 54 факт (-6,9%, 2023 ж.-58) ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша;
- 16 факт (-23,8%, 2023 ж.-21) ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша.
Осы кезеңде есірткіні алу саны едәуір өсті.
Жыл басынан бері 692 кг 272,78 гр тәркіленді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 447,5 келіге артық (244 кг 683,04 гр ), олардың ішінде:
«марихуана» – 235 кг 284,78 гр. (+64,5%, 2023 жылы – 143 кг 029,22 гр);
«гашиш» – 4 кг 742,47 гр. (-53,4%, 2023 жылы – 10 кг 176, 62 гр);
«синтетика» – 66 кг 717,55 гр (2023 жылмен салыстырғанда 64,2 кг артық. -
2 кг 449,78 гр);
«қарасора тұқымдас өсімдік» – 385 кг 522,48 гр. (2023 жылмен салыстырғанда 296,5 кг артық – 89 кг 027,42 гр).
Сонымен қатар, ҚР БП ҚСжАЕКБ Е-5 карточкасында қалған жоқ.
Синтетика өндірісі бойынша екі ірі нарколаборатория анықталды, олардың бірі Алматы облысының аумағында. Жалпы алғанда, шамамен 55 кг синтетика, 700 литрден астам прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Ұзақ мерзімді жедел әзірлемелер нәтижесінде «бетбелгі» әдісімен интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткіні таратуға маманданған екі қылмыстық топ жойылды, оның құрамына 5 кәмелетке толмаған бала кірді. Барлығы 14 қатысушы ұсталды, олардан жалпы жарты келіден астам синтетика тәркіленді.
Есірткінің заңсыз айналымы үшін 73 азамат ұсталды, оның ішінде синтетиканың таралуына байланысты 35 азамат, оның ішінде екі шетелдік. Сотқа 93 қылмыстық іс жіберілді есірткімен 78 адам сотталды.
Жабайы қарасораны жою бойынша шаралар қолданбау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды 15 азамат (ӘҚБтК 420-бабы), Есірткі мас күйінде жүргізгені үшін 25 жүргізуші (ӘҚБтК 608-бабы).
Облыс бойынша барлығы 230 нашақор есепте тұр. Оның ішінде ерлер – 207, әйелдер – 23 (каннабис тобы – 125, апиын тобы – 51, психоактивті заттар – 7, басқа стимуляторлар – 47).
Есепте тұрғандардың жалпы санынан 18 бен 29 жас аралығындағы жас азаматтар.
Жыл басынан бері стационар жағдайында емді 68 адам қабылдады. Оның 4-і жасырын, ерікті түрде – 65, мәжбүрлі түрде – 3.
Есірткімен күресуде мамандар тұрақты акциялар ұйымдастырып келеді. «Біз есірткіге қарсымыз». Осындай ұранмен бүгін есірткі қылмысына қарсы күрес ұйымы, жастармен бірігіп акция өткізді. Кезекті шара синтетикалық есірткінің таралуы мен нашақорлықтың алдын алуға арналды. Бұл жолы олар Талдықорғандағы «Хутор» шағын ауданындағы ескі нысандардың қабырғасына жазылған жазбаларды өшірді. Себебі бұл маңда бейнебақылау камерасы жоқ. Сондықтан тасымалдаушылар ескі, апатты жағдайда тұрған нысандарға граффити-жазуларды жазып кетеді.