Жігіттеріміз ерледі

 Жігіттеріміз ерледі

Иран астанасында өткен Asian Taekwondo Clubs Championship турнирінде өнер көрсеткен Қазақстанның ерлер құрамасы үш медаль еншіледі. Оның ішінде бір алтын және екі қола медаль бар. 87 келіде ел намысын қорғаған Смайыл Дүйсебай қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанса, 80 келідегі Нұрлан Мырзабаев пен 68 келінің өкілі Ерасыл Арапбай қола жүлдегер атанды. Осылайша қазақстандық таеквондошылардың қоржынына клубтық Азия чемпионатының 9 медалі түсті: 1 алтын, 2 күміс және 6 қола. Бұған дейін қыздарымыз аталған турнирде жалпыкомандалық есепте 3-орын алған болатын. Нұрай Бауыржанова (49 келі) мен Жансель Дениз (73 келі) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Айдана Еділбаева (46 келі), Рита Бакишева (46 келі), Амина Нұрғазықызы (62 келі) мен Нұрай Хусайнова (67 келі) қола жүлде иеленген-ді.

Ермек Сахариев
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20126
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22227