Жомарт түлектермен жарқын жүздесу

Жомарт түлектермен жарқын жүздесу

Білімнің алтын ұясы саналатын мектептер жыл сайын қаншама түлектің томағасын сыпырып, қияға қанат қақтырады. Ұлағатты ұстаздардың тәлім-тәрбиесімен сусындаған жастар үлкен өмір жолына қадам баса отырып, артылған сенімді ақтауға тырысады. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, әрбір азамат білікті маман атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жатса – бұл зор қуаныш, әрі мектеп ұжымы үшін мақтаныш. 

Осы орайда облысымызда «Жомарт түлек» жобасының қолға алынуы құптарлық бастама болды. Өйткені сан салада тер төгіп жүрген саңлақтар араға жылдар салып сүйікті мектебімен қауышады. Бұл күнді ұстаздар мен оқушылардың да асыға күтетіндігі сөзсіз. Балалық шаққа саяхат, өткен күндерден сыр шертетін әсерлі әңгімелер, қағытпа қалжыңдар мен мотивациялық кеңестер кім-кімнің болса да жан сарайын кеңіте түсетіндігі сөзсіз.
Міне, осынау жарқын жобаның жалғасы ретінде Амангелді атындағы орта мектепте «Жомарттық – жанның байлығы» тақырыбында керемет кездесу өтті. Басқосуға осы білім ошағында оқыған, бүгінде өз салаларында ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетіп отырған азаматтар арнайы шақырылды. Ұстаздар мен оқушылар жомарт түлектерді ыстық ықыласпен қарсы алғаннан кейін «Мен шығармашыл тұлғамын» тақырыбында жас жеткіншектердің қолөнер бұйымдары таныстырылды.
Мәжіліс залында өткен кездесуді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина хан Сарбашова ашып, түлектерге ізгі тілегін арнады. Білім ошағында атқарылып жатқан жұмыстарға, оқушылардың жетістіктеріне тоқталып, мұндай басқосудың өскелең ұрпақ үшін берері мол екенін тілге тиек етті.
Жылы жүзді жүздесуде мектеп түлектері – генерал-майор Рысбек Көшербаев, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының директоры Қуаныш Дәуренбеков, «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, жеке кәсіпкерлер Әмір Оспанов, Алтай Пірімбетов, Ғани Таңатаровтар сөз алып, оқушыларға ой салатын әсерлі әңгіменің тиегін ағытты. Бұрынғы мен бүгінгі кезеңді салыстырып, қазір оқимын деген жастар үшін көп мүмкіндіктер жасалып жатқанын тілге тиек етті. Оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Шара барысында жеке кәсіпкер Әмір Оспанов мектепке қажетті түрлі түсті принтерді сыйға тартты.
Пайымды пікірлер айтылып, ән мен жырдан шашу шашылған кештен көпшілік үлкен әсермен тарқасты.

Айна Қырықбаева, Амангелді атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл ауданы
24.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 142
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 466
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 428

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9128
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11752
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9520
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733