Салқын мезгілде тыныс жолдарының жедел респираторлы вирустық инфекциялары (ЖРВИ) көбейеді. Бұл инфекциялар ауа-тамшы және тұрмыстық жолмен таралып, адамдар көп шоғырланған жерлерде тез өршиді. Негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның бітелуі, тамақ ауруы, әлсіздік. Балалар, қарттар және созылмалы аурулары бар адамдарда асқынулар болуы мүмкін. Алдын алу шаралары: қолды жиі жуу, бөлмелерді желдету және ылғалды тазалық жүргізу, сырқат адамдармен байланыстан аулақ болу, қажет болса, маска тағу, тұмауға қарсы вакцинация. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет сырқаттанушылықты бақылап, топтық жағдайларды зерттеп, ұйымдардағы санитариялық талаптардың орындалуын қадағалайды. Жай ғана алдын алу шараларын сақтау арқылы бүкіл отбасының денсаулығын қорғауға болады.
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
басшысы В.Конеева.
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің бас маманы
А.Асқарқызы.















