Журналистер шықты алаңға

Журналистер шықты алаңға

Талдықорғанда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Республикалық турнир өтті. Бұл жарыс қазақ теледидарының шоқ жұлдызы Бейсен Құранбекті еске алуға арналды. Белгілі журналисті еске алуға арналған турнирде жүлделі орындарға сыйақы берілді: 1-орынға 800 000 тг, 2-орынға 600 000 тг, 3-орынға 400 000 тг, 4-орынға 200 000 тг. Спорттық шараға еліміздің әр аймағынан 8 команда жиналды. Сегіз команданың ішінен төртеуі жүлделі орындар алды. 1-орынды «Экспресс-К» Алматы командасы, 2-орынды «Қарекет» (Талдықорған), 3-орынды «Хабар» (Астана), 4-орынды «Тараз-пресс» командасы қанжығалады. «Қазақфильм», «Шығыс ақпарат», «Алматы» командалары арнайы жүлдеге ие болды. Бұл дәстүр жыл сайын жалғасын таба бермек.  Осыған дейін Мемлекет басшысы «Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек «Жетісу» телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан бастаманы қолдау қажет деп санаймын», – деді Президент Жетісу жұртшылығымен кездесу кезінде.

Рауан МУТАИР
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1501
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7536
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11412
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7577
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7737