Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Медиа саласының ауқымы кеңейіп, ақпарат толқынының арнасы артқан сайын журналистика сферасының ықпалы кеңеюде. Журналист – қоғам білуі тиіс әртүрлі ақпараттарды жинап, халыққа жария ететін ақпарат майдангері. Ал журналистің басты ұстанымы – қоғам алдындағы шынайылығы. Жаңаның жаршысы мен жақсының жақтаушысы болған ақпарат майдангерлері үшін журналистика саласы қызығы көп болғанымен, қауіп-қатері де қатар жүретін орта.

Қазіргі саяси талаптарға қарай медиа саласындағы кей журналистер үкіметтің монополиясына яки саяси күштің немесе қандай да беделді тұлғаның қолшоқпарына айналып жатады. Сайып келгенде, сол үкіметтің дәріптеуші күші не насихаттаушысы болып шыға келеді.

Алайда, көпке топырақ шашпай қарасақ, журналистика мамандығының шынайы қызметкері болып, осы саланың маманы ретіндегі адал нанын жоғалтпаған жандар да жетерлік. Шындық деп шырылдап, жабулы қазанның бетін ашпақ болған көптеген медиа мамандары құзырлылардың қолында қыспаққа қалып, тіпті өміріне қауіп төніп жататын жағдайлар да жиі кездеседі. Осындай кезде «ақпарат атты майданның жауынгерлері болып жүрген журналистердің еркіндігі бар ма?» деген сауал еріксіз туындайды.

Журналистерді қорғау комитетінің (Committee to Protect Journalists) мәліметіне орай, 2018 жылдың басынан бері әлемде 71 медиа қызметкері өлтірілген. Олардың 19-ын өлтіру мотиві анықталмаған. Сондай-ақ журналистер үшін қауіпті елдер қатарын Ауғанстан бір жылда 15 медиа қызметкерінің өмірі қиылғандығымен толықтырып тұрса, Қазақстан да бұл тізімде жоқ емес. Осы комитеттің пайымдауы бойынша, Қазақстандағы журналистика сферасы «еркін емес» деген мәртебені иеленіп тұр. Ел ішінде саясатқа қарсы шыққаны үшін қудалауға, құқығынан айыруға бейім. Оған Қазақстандағы Ratel.kz редакциясының сотқа тартылуы мысал бола алады.

Медиа саласында көпжылдық тәжірибесі бар ағылшын журналисі, әлемнің 30 елінде өкілдігі бар Ethical Journalism Network ұйымының президенті Айдан Уайт бүгінгі таңда әлемде коммерциялық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ететін медиа ұйымдардың азайып кеткенін айтады. Ал оларды қаржыландыратын ұйымдар мен саяси қозғалыстар өз мақсатында пайдаланғысы келеді. Ал журналистің еркіндігі – оның басты құндылығы.

«Демократиялық» мемлекеттер санатындағы Қазақстанның сөз бостандығы керемет дәрежеде емес екен. Оған дәлел, Reporters Without Borders халықаралық ұйымы жасаған сөз бостандығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан жыл сайын төмендеп келеді. Биыл ол 180 елдің ішінде 158-орында тұр, яғни Қазақстан сөз бостандығы көп шектелген 25 елдің қатарында. Ал бұл статистика бойынша Түркия елі алдыңғы орында тұр. «Шекарасыз тілшілер» ұйымы зерттеу нәтижесінің қорытындысына сүйене отырып, «қазіргі ТМД, оның ішінде Қазақстан сөз бостандығы бойынша Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка деңгейіне дейін түсіп кеткен. Оған дәлел – елдегі негізгі оппозициялық газеттер жабылып, қалғандары заң қысымынан соң тарап жатыр» дейді. Ал Астана қаласында Қазақстанда «тәуелсіз БАҚ пен журналистерге қысым бар, сөз бостандығы шектеледі» деген мәлімдемелерді бірнеше рет жоққа шығарған.

Жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып жатқан уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Бұл өте өзекті мәселе. Бұл мәселені жақсылап қарауымыз керек. Мен үкіметке тиісті тапсырма беремін. Келешекте, егер қажет болса, журналистердің мәртебесі туралы тиісті заң қабылдаймыз. Не болмаса, мен өзім Президент ретінде шешім қабылдаймын», – деген пікірі осы мәселенің жоғары биліктің құлағына жетіп, алдағы уақытта қандай да бір әрекет болады деген үміт отын жаққандай.

Ел мүддесін түгендеп, халық жағдайын жалау ететін журналистердің өз еркіндіктерін талап ете алмауы – ойландыратын мәселе. Сөз бостандығы болса, саясаттың қолшоқпарлары да азаяр ма еді?..  

Мөлдір НҮСІПЖАН, Тұран университеті, журналистика факультетінің 1-курс студенті
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 88
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 608
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 726
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 636
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8785
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8185
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11413
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10398