«Қазақстан заңгерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай: «Менің ойымша, қарашадан кейін Парламент тарқатылып, жаңа заң бойынша сайлаулар өтеді. Мәслихаттарда, Мәжілісте мажоритарлы түрде тікелей сайланған депутаттарымыз болады. Ал төменгі мәслихаттарда депутаттар 100 пайыз жаңадан сайланады. Халық өзі сайлайды. Халықтың алдында жауап береді. Яғни халық нағыз Қазақстанның күшін, заңын сезіне бастайды. Қазақстан «Жаңа Қазақстан» болу үшін, әр қазақстандық өзін жаңа қазақстандық сезіну үшін ең бірінші өзінің құқығын білу керек және конституциялық міндетін, яғни заңға бағыну керегін білуі керек. Оны білмей, жаңа, әділетті Қазақстанның, заң үстемдігінің орнауы қиын болады. Аталған одаққа кіретін Республикалық заң консультанттары алқасы осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатыр», – деп мәлімдеді.