Жыл соңындағы премьера

Жыл соңындағы премьера

Оралдағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық театр ұжымы мерекелік демалыс күндері өнерсүйер көрерменге жаңа қойылым тарту етті.

Театрда тұсауы кесілген А.Житковскийдің «Ағаш отырғызу» («Посадить дерево») атты драмасының режиссері – күні кеше Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденін алған театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлыгүл Жұбатова.

Орыс драматургінің бұл туындысын қазақша сөйлеткен танымал қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» Дариға Мұштанова.

Жай ғана ағаш отырғызу сәтінен басталған оқиға көрерменге салмақты ой салды. «Бала өсіру, үй салу, ағаш егу – ер-азаматтың міндеті деп ұғынған әкесі мен ұлының арасында туындаған тартысқа сол жердің күзетшілері келіп килігеді. Олар әкелі-балалы екеуін «пластмасса» тапаншамен қорқытып, әлекке түсіреді. Сөйтсе, бұл жердің де өз қожайыны бар екен. Оның үстіне иесі де – қарапайым адам емес, депутат болып шығады. Бұл алаң гольф ойнауға арналған екен. Енді құны қымбатқа түсетін жерді қайта қалыпқа келтірудің амалын іздеген «төртеу» ақыр соңында жасанды болып шыққан алма ағашын «табиғаттың ісі» деген желеумен сол жерге отырғызып, мәселенің нүктесін қояды.

Санаулы актерлар ойнаған драма бір жағынан комедия жанрына жақын болғанымен, салар ойы да салмақты. Жас ұрпақ тәрбиесі, үлкендерге сабақ болар сәттер, көзбояушылық жайттар. Қоғамдағы, отбасындағы кей көріністерді көрерменнің көз алдына әкелген қойылымда әкенің рөлін театрдың талантты актері Асылжан Жакин сомдаса, жас актер Султанмухаммедшах Телеуов оның ұлы болып ойнады. Қос күзетші Салауат Түменов пен Райымбек Ермек те сахнада актерлік шеберліктерін шынайы көрсете білді.

Театрдың тұрақты көрермені, педагог Светлана Бахишева қойылымнан алған әсері мол екенін жеткізді. – Керемет суретшінің шебер туындыларын көрмеден тамашалағанда, әрбір адам өзінше ой түйеді, өз биігінен бағалайды емес пе? Бұл қойылым да солай. Біреу әке мен бала арасындағы түсініспеушілік деп білсе, біреу ескі түсінік пен жаңаша ойлаудың арасындағы қайшылық деп те бағалайды. Бірақ ол қайшылықтар – заман туғызған қайшылықтар ғана емес. Әкенің сөзі мен ісі қабыспағанын көріп өскен ұлдың оған қарсы келуі; өмірдің мәнін формулаға айналдырып, «дом построил, сына вырастил, теперь посажу дерево», сонымен міндетім орындалады деп, ішкі мазмұннан гөрі сыртқы форманы күйттейтін қасаң ойлы әкелер образы; қалыпқа сыймайтын, өзін ешкім түсінбейді деп, тұла бойы тартысқа толған бүгінгі жасөспірімдердің бейнесі...Қойылымда бұдан басқа да қоғамдағы қайшылықтар өріп жүр. Туындының қай тілде жазылғанын ойлап та жатпайсың, өйткені қоғамның демін өзіңнің кеңістігіңнен танып отырасың. Сценография, декорация, музыкамен көркемдеу – барлығы өте сәтті шыққан, – дейді көрермен Светлана Меңдіғалиқызы..        

«Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» деген екен. Осыған дәлел болар тағы бір қойылым Хадиша театрының репертуарын толықтырды. Карантиндік талаптар әлі де күшінде болғандықтан, театрға зал толы көрермен жиналмады. Десек те, зал іші көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне толды.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
20.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803