Жылына 40 млн кірпіш өндіретін зауыт

Жылына 40 млн   кірпіш өндіретін зауыт

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов құрылысшылар үшін өте қажет жаңа кәсіпорынды аралап, оның артықшылықтары туралы айтты.

Жылына 40 млн кірпіш - осынша бөлігін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Подгорный ауылында салынған және іске қосылған кірпіш зауытында өндіретін болады.

«Біздің алдымызға қойып отырған міндетіміз – СҚО аумағында жұмыс істейтін құрылыс компанияларын өздерінің құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету. Екі жыл бұрын біз инвестор таптық. Оған үлкен мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жеңілдікті несие берілді. Сыртқы істер министрлігі арқылы инвестконтракт жасалды, ол жабдықты кедендік бажсыз әкелуге мүмкіндік берді, бес гектар жер жеңілдікті схема бойынша заттай грант түрінде бөлінді. Бес жылдан кейін инвестор бұл жерді сатып ала алады. Қазір барлық тетіктер іске қосылғанын көріп отырмыз. Кірпіш зауыты іске қосылды. Оған 1,8 млрд теңге инвестиция салынды, 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Зауыттың қуаттылығы - жылына 40 миллион дана кірпіш. Бастапқы кезеңде біз олармен өңіріміздің қажеттілігінің шамамен 30%-ын жабамыз», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. 

«Кирпич СК» ЖШС құрылтайшы-инвесторы Гарик Бернецянның айтуынша, қазір зауытта өндірістің бір желісі іске қосылды, шамамен үш айдан кейін екіншісін ретке келтіру жоспарлануда, осылайша кірпіш саны айына 4,5 млн данадан 9 млн данаға дейін екі есеге көбейтіледі, Еңбеккерлердің  жалақысы 250 мың теңгені құрайтын  болады.

«Біздің еуропалық жабдықтағы зауыт  кірпіштің екі түрін шығарады. Кірпіш жергілікті саздан және көмірден жасалған, беріктік маркасы 150-ге тең. Менің ойымша, біздің кірпіш СҚО-ның барлық құрылысшыларына қажет болады. Біз бәріне сапа мен баға жағынан ұнайды деп үміттенеміз», – дейді Гарик Бернецян.

Оның айтуынша, сатып алушылар қазірдің өзінде бар, тіпті кезек пайда болды. Бірақ бұл таңқаларлық емес, өйткені қазір аймақта ауқымды құрылыс жүріп жатыр. Тек Петропавл қаласында 22 бюджеттік және 14 коммерциялық үйлер салынуда. Тағы да 10 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарда бар.

«Құрылыс жүріп жатыр, кірпіш қажет, біз бірінші кезекте өз құрылысшыларымызды қамтамасыз етеміз», – дейді Гарик Бернецян.

Оның айтуынша, кірпіш бағасы зауытта басқа өндірушілерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бір  кірпіштің құны 107 теңге, бір жарымынікі   –  110 теңге.

«Тоғыз қабатты үй салу үшін шамамен 1,8 млн кірпіш қажет, яғни бұл зауыт 22 үйді өз материалдарынан салуға мүмкіндік береді. Құрылысшылардың шығындары төмендеуі тиіс екені түсінікті, себебі кірпішті басқа өңірлерден тасымалдау бір кірпіш үшін 10 теңгеге түседі. Тиісінше, құрылыс компанияларының кірістері өсуі тиіс. Бұл – біз күткен нәтиже», – деді Құмар Ақсақалов.

Нұрсайын Шәріп
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 67
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 104
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 105
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 67
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 212
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 219
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 432
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 397

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9089
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8486
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11714
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9480
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10695