Жыр жүйріктері марапатталды

Жыр жүйріктері марапатталды

Астана күні қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында, «Байрағы биік байтағым» республикалық жазба ақындар мүшәйрасының салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл салтанатты кешке жыр сүйер қауыммен қоса Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының басқарушы кеңесінің төрағасы Ерлан Каналимов бастаған азаматтар келіп қатынасып, жүлдегерлерді құттықтады.  

Осыдан 13 жыл бұрын қазақтың танымал ақыны Несіпбек Айтұлының мұрындық болуымен басталған бұл мүшәйра, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, бүгінде елорданың мәдени өміріндегі дәстүрлі шығармашылық жобалардың біріне айналды. Қазірге едйін бұл мүшәйраға 2000-нан астам ақын қатынасқан екен. Шығармашылық байқау ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, қазақ поэзиясының дамуына серпін беруге және жас ақындардың шығармашылық ізденісін қолдауға бағытталған.

Биылғы мүшәйраға еліміздің әр аймағынан 122 ақын өз өлеңдерін ұсыныпты. Ғалым Жайлыбай, Сұраған Рахметұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Оңайгүл Тұржанова, Жанат Әскербекқызы қатарлы танымал ақындар қатынасқан қазылар алқасының саралауымен соларыдң ішінен 12 ақын таңдап алынып, мереке қарсаңында жүлделері табысталды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлығы 5 ақынға берілді. Олар Несіпбек Айтұлы атындағы аранйы жүлде– Тоқтарәлі Таңжарыққа, Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы жүлде – Айдана Қайсабекке, Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлде – Дәулет Жәлеловке табысталды. Қонысбай Әбіл атындағы арнайы жүлде – Мәрлен Ғилымханға, Кәкімбек Салықов атындағы арнайы жүлде – Абзал Мақашқа табысталды.

3- орынды иелеген ақындардың қатарында Ғазиз Ештанаев, Батырхан Сәрсенхан және Арайлым Мұратәлиева лайық деп танылды. 2- орынды Әбубәкір Смайылов пен Бекжан Әшірбаев иеленіпті. Бас жүлдені Бауыржан Қарағызұлы қанжығасына байланды.

Марапаттау рәсімі өнер адамдарының қатысуымен, әсем ән, күмбірлі күймен астасып жатты. Ақындар жыр сүйер қауым алдында, өздерінің жүлделі болған өлеңдерін оқып берді.

04.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26189
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25638
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43025
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38838
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43431