Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жыршы Ұлжан Байбосынованың «Далаға біткен дара үн» атты жыр кешінің

Республика күніне орай Қазақстан Республикасының   Еңбек сіңірген қайраткері, жыршы Ұлжан Байбосынованың  «Далаға біткен дара үн» атты жыр кешінің

2026 жылғы 23 қазан күні сағат 15:00-де «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-ға қарасты Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жыршы Ұлжан Байбосынованың «Далаға біткен дара үн» атты жыр кеші өтті.

Ұлжан Байбосынова – Сыр бойы жыраулық мектебінің көрнекті өкілі, дәстүрлі жыр өнерін насихаттаушы өнерпаз әрі ұстаз. Өнер иесі шығармашылық қызметімен қатар, шәкірт тәрбиелеуге де ерекше мән беріп, дәстүрлі жыр өнерінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Әйгілі жыршы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Франция әдебиеті мен өнерінің кавалері» орденінің иегері.

Сонымен қатар, 2019 жылы Өзбекстанның Термез қаласында өткен I халықаралық бахшы өнері фестивалінде бас жүлдеге ие болды.  

Жыр кешінің мақсаты – ұлттық жыр өнерін дәріптеу, дәстүрлі музыкалық мұраны насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында елдік сана мен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Кеш барысында қазақ жыршысы, дәстүрлі өнер өкілі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова және шәкірттері – Қанатбек Шынбергенов, Аяулым Абдумәжит, Әлижан Болатбек, Аңсаған Ділдәбекқызы, Қарақат Әптікәрім, Шұғыла Мархабатова, Кішкене Жұмамұрат өнер көрсетті.

Өнерпаздар орындауындағы жыр-толғаулар мен патриоттық әндер арқылы халқымыздың тарихи тағдыры, азаттық жолындағы мұраты, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен ел тәуелсіздігінің қадір-қасиеті кеңінен дәріптеледі. Дәстүрлі өнердің терең тағылымын танытатын кеш көрерменге рухани әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға бағытталған.

27.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28932
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28474
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45754
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41400
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46071