Мұз айдынындағы ертегі әлемі!

Мұз айдынындағы ертегі әлемі!

26 желтоқсанда Алматыда көрермендер «Алиса ғажайыптар елінде: мұз үстіндегі шоу» қойылымын тамашалайды. Басты рөлді 2026 жылғы Милан-Кортина Олимпиадасының үздік ондығына енген, Қазақстан чемпионы және ISU Гран-придің күміс жүлдегері Софья Самоделкина орындайды.

19 жастағы Софья Самоделкина – жеке мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсететін қазақстандық спортшы. NHK Trophy кезеңінің күміс жүлдегері (2025), Дүниежүзілік студенттік ойындардың қола жүлдегері (2025) және Қазақстан чемпионы (2024).

Спортшының Денис Тен мемориалының (2024), Tallinn Trophy (2024) және Cranberry Cup (2025) жарыстарының күміс медальдары, сондай-ақ Денис Тен мемориалының (2026) қола медалі бар.

«Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсету, яғни анамның Отанын таныту мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Маған сенім артады. Маған тұтас ел қолдау көрсетеді. Сол үшін шын жүректен ризамын», – дейді Софья.

Кішкентай көрермендер мен ересектерді музыка, мұз үстіндегі би өнері, мәнерлеп сырғанау, актерлік шеберлік пен әуе акробатикасы тоғысқан сиқырлы әлемге ұмытылмас саяхат күтеді.

Мұз айдынына барлығы 28-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы шығады. Қалпақшы рөлін 2025 жылғы Қазақстан чемпионы, Люксембургте өткен Coupe du Printemps халықаралық турнирінің жеңімпазы (2024) және Денис Тен мемориалының күміс жүлдегері (2022) Диас Жиренбаев сомдайды.

«Алиса ғажайыптар елінде: мұз үстіндегі шоу» – балалар мен ересектердің жүрегінен орын алатын әсерлі оқиға. Бұл шоу кішкентай көрермендерге нағыз ғажайыптың сыйын сезіндірсе, үлкендерге жылдар өтсе де балаға тән шынайылықты, арманға сенуді және қиялдай білуді жоғалтпаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Өйткені ғажайыптарға сенген жанның өмірінде олар міндетті түрде орындалады.

 

26 желтоқсанда Almaty Arena-да кездескенше!

Шоуды ұйымдастырушылар: @asia_events_kazakhstan @freedomeventskz

Билеттердің бағасы – санатқа байланысты 4 000 теңгеден бастап 18 000 теңгеге дейін. Билет алу сілтемесі:

https://ticketon.kz/concerts/event/tckt2-alisa-v-strane-chudes-na-ldu

23.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28793
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28323
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45618
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41264
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45936