4 ел Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады

4 ел  Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялады

   АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Австралия Қытайдағы адам құқықтарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, ақпан айындағы қысқы Олимпиадаға үкімет өкілдерін жібермейтіндерін мәлімдеді. Ал Франция президенті Эммануэль Макрон 2022 жылы Бейжіңде өтетін ойындарға дипломатиялық бойкот жариялауды жоспарлап отырған жоқ екенін мәлімдеді. Макрон бұндай қадамның елеусіз және жай ғана символдық болатынын айтты. Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған елдердің саны артып келеді. Батыс елдері Қытайда, соның ішінде Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр және басқа да азшылықтарға қатысты адам құқықтарының бұзылуына алаңдаушылық білдіреді. 

   Аталған елдер қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жарияланғаннан кейін Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбин: «Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Австралия Олимпиада платформасын саяси айла-шарғы жасау үшін пайдаланды. Олар қате әрекеттерінің құнын төлеуге мәжбүр болады», –деді. Қытайдың ескертуі  Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған батыс елдерінің саны көбейіп жатқан кезде болды.  Қазірге дейін АҚШ, Австралия, Ұлыбритания және Канада Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына өз министрлерін жібермейтінін мәлімдеді

Ермек САХАРИЕВ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 253
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 386
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 383
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 613
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 556

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9258
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8654
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11881
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9652
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10863