🟤410 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПОРЫН ШЕФТІК ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КӨРСЕТЕДІ

🟤410 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПОРЫН ШЕФТІК ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КӨРСЕТЕДІ
✍️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі 410 колледжді 500-ге жуық кәсіпорынның шефтік қамқорлыққа алуы бойынша жұмыс жүргізді.
🤝Шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар колледждердің қорғаншылық және өндірістік кеңестеріне енді, олар педагогтердің кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуіне, колледждердің лабораторияларын жабдықтауға қолдау білдіреді. Сондай-ақ, студенттердің әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен кәсіби және өндірістік тәжірибеден өтуі ұйымдастырылады.
👥300 мыңнан астам студент кәсіби тәжірибемен қамтылған, 5 мыңнан астам педагог шефтік көрсететін кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждерде шефтік кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім бағдарламалары жаңартылды.
❕Еске салайық, биылғы жылы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына 10 мыңнан астам студент мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша міндетті жұмысқа орналастыру тәртібімен оқуға қабылданады.

 

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
03.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5058
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5222
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20183
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18827
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22282