530 өлең жолынан тұратын кітап

530 өлең жолынан  тұратын кітап

Қазақстанда Әзербайжан мәдениеті күндері өтіп жатыр.  Іс-шара   аясында   Ұлттық    академиялық    кітапханада түркі әдебиетінің көрнекті өкілінің «Мұхаммед Физули – 530 өлең жолы» атты кітабының тұсауы кесілді.

Халықаралық іс-шараға Қазақстан мен Әзербайжанның ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушылар, ақындар, аудармашылар, әдебиеттанушылар, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры жарыққа шығарған кітап Әзербайжанның ұлы ақыны және түркі әдебиетінің классигі Мұхаммед Физулидің 530 жылдығына арналған. Кітап ақынның 22 ғазалы мен 6 хасидасынан – 530 өлең жолынан тұрады.

Қатысушылар Қазақстан мен Әзербайжанды ортақ мәдени мұралар тығыз байланыстыратынын атап өтті. Қорқыт атаның «Китаби дедем Қорқыт», Махмұд Қашқаридің «Диуан Лұғат ат-Түркі», Жүсіп Баласұғын мен Низами Гәнжауидің үндескен трактаттары, Насир әд-Дин әт-Туси мен Имамеддин Насимидің философиялық ойлары түркі әлемі үшін ерекше құнды.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
25.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 577
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 44
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 26
ТӨЛЕБИДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.02.2025 64

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14720
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13503
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16796
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15668
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20743