600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды

600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар:  Қонаевта тарихи дода басталды

Қонаев қаласында мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет «Болашақ чемпиондар лигасы» атты ауқымды спорттық жарыс басталды. Жас спортшыларды бір арнаға тоғыстырған бұл дода футбол, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерін қамтып, екі ай бойы жалғасады. Жарыстың ашылу салтанаты ерекше форматта ұйымдастырылды. Спортшылар шеруі, акробатикалық қойылымдар мен әсерлі шоу көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жас қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңызына тоқталды. «Бұл тек жарыс қана емес, бұл – достық пен табандылықтың, жеңіске деген ұмтылыстың алаңы. Бүгін алаңға шыққан әрбір жас – ертеңгі ел мақтанышы, болашақ чемпион. Қалада бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлінуде, ал мұндай бастамалар жас буынға үлкен серпін береді», – деді қала әкімі.

Шара аясында қала әкімдігі тарапынан жас спортшыларға қолдау ретінде 600 дана доп сыйға тартылды. Кештің шарықтау шегінде көрермендер ерекше көрініске куә болды. Әскери қызметші, қала тұрғыны Айдар Тезеков күш өнерін паш етіп, шегені ағашқа қолмен қағып, гір тасымен жаттығу жасап, көпшілікті тәнті етті. Спортты насихаттауға қосқан үлесі үшін оған қала әкімінің Алғыс хаты табысталды. Салтанатты рәсім барысында «Болашақ чемпиондар лигасының» кубогі ретро көлікпен сахнаға әкелініп, жарыс ресми түрде ашық деп жарияланды.

Бұл дода жас спортшыларға өз қабілеттерін танытып, тәжірибе жинақтауға және үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік береді.

А.СУЛАЙМАНОВ,

Алматы облысы

09.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24282
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23946
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41409
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37319
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41647