870 млн текше метр су жинайтын Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды

870 млн текше метр су жинайтын Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды

Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды.

Жобаны биыл Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асыруды бастау жоспарланып отыр. Айта кетейік, былтыр желтоқсанның басында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық қаржы ұйымы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

«Контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

09.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21974
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21741
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35326
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39374