Абаттанған астанаға асық!

Абаттанған астанаға асық!

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елордада құрылысы жүріп жатқан жаңа қоғамдық кеңістіктер туралы айтты», – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкім-қараларға әлеуметтік желіге тіркеліп, халықпен етене болыңдар деген тапсырмасын мүлтіксіз орындап жүрген әкім – Алтай Көлгінов.  Ол үнемі халықпен әлеуметтік желі арқылы хат-хабар алысып отырады. Бұл жолы да Астана қаласында атқарылған істерге есеп беріпті.

«Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Мәселен, биыл Бараев көшесінде жаяу жүргіншілер жолы, Бейбітшілік және келісім сарайының жанында амфитеатр, қараусыз қалған Жерұйық-2 саябағындағы Достық гүлзары (ҚХА мүшелерімен бірге), мұғалімдер саябағы ашылды, сол сияқты қалалық алаң, оң жағалауда баршаға белгілі «Встреча» ауданы және т.б. абаттандырылды.

Қоғамдық кеңістіктер елорданың көркін арттырып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналды. Абаттандыру жұмысы барлық ауданда, оның ішінде елдімекендерде де жүріп жатыр.

Елдімекендердің өзінде соңғы жылдары 311 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Қаламызда бас-аяғы 750-ден аса аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Абаттандыру жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін көпір астындағы кеңістіктер абаттандырылып, құтқарушылардың, медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған арнайы тақырыптық алаңдар, көше спортының колизейі, «Театральный» бульвары, «Demalys Promenade» демалыс күні көшесі және т.б. ашылды. Олардың бәрі қала тұрғындары мен қонақтарының уақытын тиімді өткізуіне, жаяу жүруіне арналған.

Қоғамдық кеңістіктер мен аулаларда әркім жанына жақын іспен айналыса алады: баскетбол/футбол алаңдары, workout аймағы, демалысты тыныш орында өткізуге арналған орындар, балаларға арналған алаңдар, әткеншектер, шығармашылық қойылымдарға арналған сахналар және т.б. орналасқан», – деп жазды елорда әкімі.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
28.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 378
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645