«АДАМ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

«АДАМ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Департаменттің ұйымдастыруымен өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері мен персоналды басқару қызметтерінің басшыларымен «Адам ресурстарын дамыту» орталығының жұмыс кеңесі өткізілді. 

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы – Р.Шарипов ашып, орталықтың қызметі мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жаңашылдықтарын, оның ішінде ауқымды түсіндіруді талап ететін сұрақтарға жауаптар ұсыну, мемлекеттік қызметке іріктеу, өткеру, тоқтату және тәртіптік практика бағыттарын одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Іс-шара барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас  маманы Г.Смагулова «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына енгізілген жаңашылдықтар, өзгерістер мен толықтарулар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы К.Мадиев мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын кеңінен түсіндірді. 

 

Одан әрі Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі  - Е.Бекпатшаев жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдеп нормаларын, мінез-құлық қағидаларын сақтау және қызмет әдебінің стандарттары жайлы айтты.

Жиынға қатысушылармен жоғарыда аталған баяндамалар кеңінен талқыланып, ой-пірік алмаса отырып, қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту мен жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілді.  

 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша а.ж. қыркүйек айынан бастап жоспарланып отырған «Президенттік жастар кадр резерві» жобасының кезекті үшінші іріктеу жұмыстарын, оның ішінде, ақпараттық-түсіндірмелік шараларын бірлесе іске асыру мәселесі пысықталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті
07.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 236
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 374
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 371
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 603
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 545

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9248
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8644
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11871
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9642
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10853