Адамның бойы жақсылыққа толы, оны көретін көз керек

Адамның бойы  жақсылыққа толы, оны  көретін көз керек

Ұлы Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде одан басқа?!» дегені нағыз даналық.  Абай жарықтық  қырқыншы қара сөзінде: «Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар. Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?» деп сұрақ қояды. 

Осы сұрақты мен де сіздерге қойғым келіп отыр. Неге олай? 

Менің жауабым мынау:  адам баласы көз алдында жүрген пенденің қадіріне жетпейді. Жетпегесін кемсітуге, тілдеуге, сөзбен «жерлеуге»  құштар.  Адам баласы жақсылықты тез ұмытады, жамандықты қазбалай береді.  Сөйтіп жүріп ақырында бір кемшілігін көріп қалады.  Себебі адам баласы – әлсіз жаратылыс.  Күнәға тым бейім.  Қателесуге  әуес.  Солай жаратылған.   Нәпсі деген тойымсыз үнемі «Мен, Мен» деп кеудені ұрғыза береді.  Иманымыз әлсіз болғандықтан, көбіміз нәпсінің құлына айналып кете береміз. 

«Қадірі болмас адамның,

Ортаңда тірі жүргенде.

Орны қалар ойсырап,

Бір күн жерге кіргенде!» – деген екен  Жәнібек Кәрмен марқұм.  Бұл – талассыз шындық.  Оны күнде көріп жүрміз. 

Айтайын дегенім, жалпы адам баласының бәрі жақсы.  Бірақ оны біз бағаламаймыз.  Көрмейміз. Көзіміз перделенген.  Тағы бір  себеп – тірі жүргендігі. Тірі жүрсе, көп былыққа батады.  Ертең сені ренжітіп, болмаса  сын айтып өкпелетіп кетуі бек мүмкін. Атақ-абыройымен алдыңа түсіп кетуі де кәдік. Оны бойдағы нәпсі өлсе  кешірмейді.  Нәпсі-итті ауыздықтайтын иманымыз  тағы әлсіз. 

 Өлген адамды неге жақсы адам еді дейміз шуылдап?  Өйткені ол қайтқан.  Мәңгілік мекеніне.  Қайтып келмейді.  Осыны сезінген сәтте  қатып қалған жүректердің құлпы ашылады.  Нәпсі-ит тұра қашады қыңсылап...  Ол енді жоқ. Кеше болған. Бүгін жоқ.  Көзден ғайып. Көңілден өшкен.  Ешкімге кедіргі келтірмейді.  Қызғанышыңды тудырмайды. 

Осы кезде қимастық сезім оянады.  Оған керегі сол ғой!  Көзден сорғалап жас ағады.  Тіл ұшына тек марқұмның жақсылығы, игі ісі ғана оралады.  Жамандығы, қияңқылығы, пенделігі көзден бұл-бұл ұшады.  Бәріміз тек оны жақсы қырынан ғана көреміз. «Жақсы адам еді, жақсы адам еді...» деп улап-шулап шығарып  салатынымыз сондықтан. 

Сөз түйіні: адамды жақсы қырынан көруге талпынған дұрыс. Өлмей тұрып...   Сонда ғана жаман қылығын жақсы ойлар  бүркеп отырады...  Өкініш те аз, жүзіміз де жарқын  болады ұрпақ алдында...

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 133
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 69
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 63
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 48
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 465
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 433
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 457
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 449
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 447
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 464
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 454
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9689
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9068
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12302
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10073
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11282