Әдебиетте де, журналистикада да айшықты ізі бар арда азамат

Әдебиетте де, журналистикада да айшықты  ізі бар арда азамат

 

 

 

Ақын, жазушы Дәулетбек Байтұрсынұлы 60 жаста

Ұзақ жол табыстырған оғылан

    Дәулетбекпен, «Жігітті жолда таны» дегендей, ұзақ сапар кезінде таныстым. Ол кезде мен «Ана тілі» газетінде жұмыс істеп жүргенмін. 2001 жылы Қазақстан шекарасының бойымен осы газетте автошеру өткіздік. Ал 2004 жылы тағы да бір автошеру ұйымдастырдық. Бұл сапарымыздың мақсаты шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың тыныс-тіршілігімен көзбе-көз жете танысу еді. Демеушіміз сол кезде әлі де аты өзгермеген «Отан» партиясы болды. Командиріміз – Мұхаммед Шәріп деген азамат, ал мен комиссар болып тағайындалдым. Әрине, бұл ресми атаулар емес, сапарластарым солай деп әзілдеп атайтын. Сапарымыз оңай емес болатын. Біздің алдымызда алдымен Ресей, содан соң Өзбек, Қырғыз, Қытай, Моңғол елдері кезекте тұрды. Автошерудің жолының ұзақтығы шамамен 20 мың шақырым, бәлкім одан да көп. Қауіп-қатерге толы бұл сапардың құрамында «Қазақстан» телеарнасынан, «Қазақ радиосынан», Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының «Ақбесік» журналынан өкілдер және тағы да басқа сан түрлі мамандық иелері болды. Сапар мерзімі бір айға созылуы мүмкін.

    Бізді Астанада Үкіметтің ресми адамдары шығарып салды. Әп дегенде-ақ шекарада Ресейдің өктем шекарашылары он шақты сағат жібермей ұстап тұрды. Таңғы уақытта әзер жіберіп, Ресейге кірдік. Сол қиын сәтте сабырлылық көрсеткен Дәулетбек Байтұрсынұлы атты інім маған бірден ұнады. Аңқылдақ мінезімен қоса оның көп білетіндігі, шыдамдылығы, төзімділігі маған ұнаумен қатар, онымен қиын сәттерде үнемі ақылдасып отыратын болдым.

    Ресейдің 9 губерниясын араладық: Омбы, Орынбор, Астрахан, Челябі... Осы өңірлерде қазақтар жиі қоныстаныпты. Шынын айтсақ, Ресейдің дүкендерінде азық-түлік жұтаң екен. Көбінесе орыстың шұжығын сатады. Оны намаз оқитын Дәукең екеуміз онша жемейміз десек те болады. Асханалар сирек. Тым қымбат мейрамханаларға баруды қалтамыз көтермейді. Кейде айдалада тамақ болмай ашқұрсақ жүрген кездеріміз де жиі кездесетін. Ондай кезде кейбір жігіттеріміз шыдамай командиріміздің жағасынан алатын. Дәулетбек екеуміз араша түсіп, басу айтатынбыз. Автошеруде өте шыдамды, елгезек, еңбекқор тағы бір ақсақалымыз бар еді. Ол марқұм Молдияр Серікбаев деген көкеміз. Геолог. Ол кісі өмірбақи қазақтың картасын жасауды армандап кетті. Бірақ арманына жетпеді.

    Челябі жерінде мына оқиға есімнен әлі күнге дейін кетпейді. Осы өңірде түркі халқының  көне қаласының орны жатыр. Мұнда тамаша мұражай бар екен. Соны барып тамашаладық. Қаланың түркі халықтарыныкі екендігі осы мұражай экспонаттары арқылы тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Мұражайдан шыққан соң (текшелеп жиналған) мола басына қойылатын тас белгілер біздің көзімізге түсті. Тас белгілердегі жазу араб ғарпімен жазылыпты. «Арап ғарпін кім біледі?» деген сұрауға Дәулетбек «Мен білемін» деп жауап берді. Тас белгілердің көбісінде «Жағалбайлы» руы жазылыпты. Уақыты, 900 мың жылдың арғы-бергі жағы екен. Сірә, бұл тас белгілерді жоюға әкеліп қойған сияқты. Өйткені бұл көне жазулар дерегі мына өңір қазақтың жері екендігін айқын көрсетіп тұрған жоқ па? Дәукеңе рақметімізді айттық.

    Бір айдан аса уақытта Дәулетбек інімді жақсы көріп кеттім. Көлікте жатын орындарда, жолда онымен ұзақ-ұзақ сырласатынбыз. Қытайдан басқа мемлекеттердің бәрінде болдық. Әйтеке бидің мәңгілік мекенін тапқан кезде Дәулетбектің толқығанын көрсең. Себебі бабамыздың моласын өзбек әкәлер біз болмағанда жойып жіберер еді. Ақын бауырым қолы қалт еткенде өлеңін жазатын, толғаныстарын күнделігінде маржандай жазулармен өрнектеп отыратын. Қытай жөнінде де, ондағы қазақтардың тыныс-тіршілігі жайлы да жақсы білетін. Ұмытпасам, сол сапар кезіндегі жылымызда Дәукебай қырық жасқа толыпты. Бүгін біз Дәулетбектің 60 жасқа келген мерейтойы құрметіне газетіміздің айқара бетін арнап, онда өмірбаянын толық беретіндіктен, арғы жағына онша үңілмей, оны мерейтойымен құттықтап, ағалық ақ тілегімді айтқым келіп отыр.

    60 жас бір адам үшін аз да, көп те жас емес. Дегенмен Дәулетбектің осы жасында зор рухани қазынаны, оның ішінде имани дүниені мол жиғанына тәнті болдым. Ол біраз газет-журналдарда қызмет етіпті. Меніңше, осы баспасөз саласында үзбей 30 жыл бойы қызмет етіп келеді. Сан қилы тақырыптарда кітаптар жазды. Көбісі нақты деректерге негізделген. Зор еңбек. Қазақ, қытай, ұйғыр, өзбек, қырғыз, орыс тілдерінде еркін сөйлейді, аударма еңбектері көп. Анау-мынау емес, романдарды аударған. Бірнеше мүшайралардың жеңімпазы, көптеген фестивальдардың дипломанты, небір әдеби сыйлықтардың лауреаты. Жалпы Дәулетбек сөйлеп кетсе шешен, елін басқара алатын көсем азамат. Бауырым, алдағы уақытта да, қай жерде, қай істе болсын, абыройлы бол! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, таусылмас бақыт-береке, телегей шығармашылық табыс тілеймін!

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ

 

 

17.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 47
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 106
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 106
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 136
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 139
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 129
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 136
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 142
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 136

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10201
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13448
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12402
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17410