Дилбар Бекжанов деген азамат «қыз зорлады» деген жаламен 8 жылға сотталыпты. Зорланған қыз кім? Ол Назарбаева Әйгерім деген жап-жас келіншек. Кейін анықталғандай Әйгерім Дилбардың шариғатпен қосылған екінші әйелі болып шықты. Алаяқ әйел Дилбардың иманды достарынан жылу-ақша жинап, өзі Түркияға қашып кеткен. Мінеки, осы фактілер сотқа ұсынылған. «Олар ескерілмеді» деп Дилбардың бәйбішесі мен туысқандары ызаланып отыр. Біздіңше ол бұлтартпас деректер, фактілер ескеріліп, іс қайта қаралуы керек сияқты. Қара күйе жағылып, әділетсіз сотталса Дилбар ақталуы тиіс. Егерде осылардың барлығы анықталып, жігіт ақталмаса, оған жала жапқан сотты «құралақан» қалдырып жазаламасақ, онда біздің жаңа Қазақстанның жаңа соты әділетсіз болып қала береді емес пе? Халық соттарды неге жақсы көрмейді? Өйткені олардың көбісі әділетті және әділетсіз деген сөздерді ауыстырып алған. Не нәрсеге ауыстырған десеңізші? Мына жалған өмірдің боқ дүниесіне ауыстырып алған. Бұл болмайды. Басқа-басқа сот ақшаның, пайданың құлы емес, халықтың, әділеттіліктің нағыз құлы болуы тиіс. Біз сонда ғана жаңа Қазақстанды құра аламыз!