Аймақ айнасы – Тараз айрықша назарда

Аймақ айнасы – Тараз айрықша назарда
Өздеріңізге белгілі, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс кестесінен тыс, таңертеңгі уақытта Тараз қаласының аумақтық округтерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысуда.
Айталық, бүгін Ербол Шырақпайұлымен бірге №4 аумақтық округке ат басын бұрдық. Жалпы, округке қарасты «Барысхан» алқабының тұрғындары ұзақ жылдан бері жол азабын тартып келеді. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан сан мәрте көтеріліп, шешімі табылмаған еді. Енді, міне, сәтін салып, күні кеше алқапта жол жөндеу жұмыстары басталды.
Аталған алқапта жоба бойынша ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 25 көшені асфальттау қарастырылған. Биыл тұрғындар тілегін ескеріп, негізгі қоғамдық көлік қатынайтын екі көше асфальтталады. Қалған көшелер келесі жылдың еншісінде. Ал негізгі көшелерге асфальт төселіп біткен соң қоғамдық көліктердің мәселесі де өз шешімін табады. Бұл бойынша облыс әкімі құрылыс жұмысын сапалы әрі дер кезінде аяқтау керектігін, қоғамдық көліктің қатынау жиілігін реттеуді баса айтты.
Бұдан кейін аумақтық округтегі №14, 62 орта мектептерге аялдадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту мәселесіне мән беріп, басты бағыт етіп ұсынып, нақты міндеттер жүктеген. Ал адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқаратыны сөзсіз.
Расында, балалардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына басты назар аударуымыз керек. Ол үшін олардың алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасалуы тиіс. Әсіресе, сапалы білім беруде мектептердің қажетті құрал-жабдықпен қамтылуымен қатар, ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артылуда. Сондай-ақ дені сау ұрпақ – ел болашағы екені анық. Балаларды мектепте құнарлы әрі сапасы жоғары тағаммен қамтамасыз ету ісі де зор маңызға ие. Осы мақсатта оқу ордаларындағы ас мәзірімен танысып, құрамына назар аудардық. Өз кезегінде аймақ басшысы мектеп асханасындағы ас мәзірінің талапқа сай болуы керектігін ұдайы бақылауда ұстап, қадағалау керектігін жеткізді. Сондай-ақ арнайы комиссия құрып, қала мектептеріндегі ыстық тамақ мәселесін зерделеуді тапсырды.
Округті аралау барысында Ербол Шырақпайұлы «Қант зауыты» алқабындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайы, Талас өзені арқылы өтетін екі көпірді қайта жаңғырту, алқаптағы «Қазпошта» мекемесінің балансындағы қараусыз ғимараттың жағдайы сынды мәселелерге мән берді.
Сонымен қатар аумақтық округтердің тазалығы да айрықша назарымызда. Осы мақсатта облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен аумақтық округтерге қоғамдық негізде тағы 100 жұмысшы тартылмақ. Бұл өз кезегінде шаһар тазалығының сақталуына үлес қосып ғана қоймай, округ инспекторларының да жұмысын жандандыратыны айқын.
Бұған дейін облыс әкімі тұрғын үйлердің қасбетін әрлеу, «ОСИ», «КСК» құру секілді бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Енді мұның барлығы алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табады.
Құрметті тараздықтар!
Сүйікті қаламыз Тараздың тотыдай түрленуі үшін шаһарда бірқатар ілкімді істер қолға алынуда. Әрине, талай жылдан бері қордаланған өзекті мәселелерді де жоққа шығармаймыз. Бұл бағытта қаланы дамытудың 3 жылдық Даму жоспары әзірленген болатын. Осы бойынша да тиісті жұмыстар атқарылуда.
Тараз қаласы облысымыздың айнасы болғандықтан, оның өркендеуі аймақтың дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан шаһар шырайын арттырумен қатар, маңызды мәселелерін шешу де аса жауапкершілікті жүктейді. Бұл облыс әкімі Ербол Шырақпайұлының да жіті назарында.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімдігі
27.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 102
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 98
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 102
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 296
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 290
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 912

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8380
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11605
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9363
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10589