АЙМАҚ БАСШЫСЫ – АУДАНЫМЫЗДА

АЙМАҚ БАСШЫСЫ – АУДАНЫМЫЗДА

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізіп, талап-тілектеріне назар аударды. Кездесуге құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Басқосуда алдымен әкімдердің тұрғындармен кездесуінің мақсатына тоқталған аймақ басшысы осы көрсеткіштерді тілге тиек етті. Сондай-ақ, суармалы су мәселесін шешу жолдарына назар аудартты.
– Ауданда биыл ауыл шаруашылығы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алайда, көріп отырғанымыздай жыл сайын ағын су тапшылығы күрделеніп келеді. Осы орайда су үнемдеу технологияларының енгізу, ұңғыма қазу жұмыстарына барынша көңіл бөлу маңызды. Ол үшін шығындардың елу пайызына дейін мемлекеттен субсидия беру тетігі қарастырылған. Бүгінгі таңда облыс бойынша 57 мың гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару қондырғылары енгізілген. Бұл республикалық көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Біздің негізгі мақсат – тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру. Осы орайда жүзеге асып жатқан “Ауыл аманаты” жобасымен 2025 жылға қарай облыстағы барлық ауылдық округті қамтылады,-деді Нұржан Молдиярұлы.
Өз кезегінде ауылдықтар Шайдана ауылына жаңа мектеп салу, жайылым тапшылығы секілді көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Аталған елді мекенде жаңа орта мектептің құрылысы келер жылы басталып, 2025 жылы аяқталатын болды.
Облыс әкімі жайылым мәселесін шешудегі бес бағытқа жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндірді.
Аймақ басшысы жайылым тапшылығын шешу және «Ауыл аманаты» жобасының шарттарын түсіндіруді кеңінен қолға алу керектігін алға тартты.
Сонымен қатар, ауылдықтарды жергілікті билікке сенім артып, ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырған Нұржан Нұржігітов заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын баса айтты.
Дәл осындай форматтағы кездесу Жамбыл ауылдық округінде де өтті.
Аймақ басшысы тұрғындар тарапынан қойылған интернет, жарықтың жиі өшуі, өрістегі малдардың кене басуы, қоғамдық көліктің жүруін кешкі 10-ға дейін ұзарту, қоқыс шығару, жол жөндеуге қатысты сауалдарға облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмылыстарды негізге ала отырып, жауап берді.

Жамбыл ауданы әкімдігі
22.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 39
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 44
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 133
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 318
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 942

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9015
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8411
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11638
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9394
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10621